Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір тәулікте 7,5 млн жиналған": Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы баспаналы болды

Опубликовано:

Заманбек
Скриншот: Youtube/Уақыт көрсетеді

Алматы облысы Шонжы аулында тұратын Заманбек Нұрқаділовтің туысы көптің көмегімен баспаналы болды. Төсек тартып жатқан Рая Қалабаеваға Ит өмір бағдарламасынан кейін бір тәулікте 7,5 миллион теңге жиналған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Заманбек Нұрқаділовтің жиені Әсел Қалабаева баспаналы болғаны үшін халыққа ризашылығын білдірді.

"Біріншіден Алла, екіншіден халқыма дән ризамын. Қазақ халқының рухы мықты екеніне көзім жетті. Сондай жанашыр, мейірімді жандар өте көп екен мына өмірде. Бізге тілекші болған, жанашыр болған қазақ халқына рахметімді айтамын", - деді ол.

Әсел Қалабаева бағдарлама аясында Заманбек Нұрқаділовтің атын пайдаланып үй алайын деген ниеті болмағанын тілге тиек етті.

"Менің бір түсінгенім - ол кісі (Заманбек Нұрқаділов) бір әулеттің ғана емес, күллі қазақтың баласы екен", - дейді Әсел Қалабаева.

Ол туған-туыстарынан артық айтқан сөзі болса кешіруін сұрады. Әсел Қалабаеваның айтуынша, бағдарлама жарияланғаннан соң, бір тәулікте шотына 7,5 миллион теңге түскен. Ал соңғы рет сома 10 миллион 200 мың теңгеден асқаны белгілі болды. Оған қоса аудан азаматтары да қаржы қосыпты.

Әсел Қалабаева өздері туралы бағдарлама шыққаннан кейін танымайтын нөмірлерден қоқан лоққы көрсеткен хабарламалар түскенін мәлім етті.

"Нақты кім екенін білмеймін. Заңмен қудаланатынымды айтып қорқытқан, алаяқ деп атаған нөмірлер болды. Телефон көтеруге қорықтым", - дейді ол.

Бағдарлама кейіпкері жиналған қаржыға баспана сатып алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897837-bir-tulikte-75-mln-zinalgan-zamanbek-nrkadilovti-karyndasy-baspanaly-boldy/