Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік жігіт қызбен танысамын деп 600 мың теңгесінен қағылды

Опубликовано:

Бокалдар
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтөбе қаласының тұрғыны Лида есімді қызбен танысып, сан соғып қалды. Ол бойжеткеннің үйіне барып, ә ңгіме-дүкен құрып, тамақтанған соң бірге ұйықтаған. Келесі күні түске таман оянып, жігіт жуынатын бөлмеге кетерде тамаққа тапсырыс беруді қызға жүктеген деп хабарлайды "Диапазон".

Ер адам тапсырысты телефонындағы банктік қосымшамен төлеуді тапсырады. Жаңа танысы тапсырысты жігіт айтқандай төлеп, оған қоса, дәл сол уақытта қосымша арқылы тағы 600 мың теңгені досына аударып үлгерген.

Жігіт ұрлық туралы пәтерден шығып кеткеннен кейін біліпті. Ол полицияға арыз жазады, кейін полиция қызды қолға түсіреді.

Тергеу барысында Лида танысының шотына көп мөлшерде ақша аударғанын, содан кейін ақшаны қолма-қол шешіп алып, өз қажетіне жұмсағанын мойындады.

Алайда сотта қыз сол күні оның үйіне екі досы келіп, қорқытып, ер адамның телефонының бұғатын ашуға мәжбүрлегенін және қосымша арқылы ақшаны сол екі досы аударғанын айтты.

Соттың мәлімдеуінше, айыпталушы тергеу барысында шындықты айтқан. Нәтижесінде 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол сондай-ақ жәбірленушіге 600 мың теңгені қайтаруға міндеттелді.

Еске салсақ, Петропавлда полиция қызметкерлері жәбірленушілердің балалары жасаған екі интернет ұрлығын тергеп жатқанын жазған едік.

Бірінші жағдайда ер адамның шотынан 449 мың теңге жоғалып кеткен. Жәбірленушінің 20 жастағы өгей ұлы ұсталды. Екі жағдайда қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897840-aqtobelik-zigit-qyzben-tanysamyn-dep-600-myn-tengesinen-qagyldy/

pixel