Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлымның жасы өзімнен үлкен": Павлодарлық зейнеткер 30 жасқа қалай жасарды

Опубликовано:

Сайлау Қожанов
Сайлау Қожанов. Фото: NUR.KZ

Павлодарлық зейнеткердің жасы ұлынан кіші болып шықты, өйткені ЖСН бірінші цифрларында қате кеткен. Жағдай 1998 жылы орын алған және содан бері көп қиындықтар тудырмаған көрінеді. Алайда, ер адамның айтуынша, цифрландыру дамыған сайын оған түрлі ұйымдарда көптеген сұрақ қоя бастапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сайлау Қожанов 1947 жылы туған, қазір зейнеткер. Ол жеке куәлікті 20 жылдан астам уақыт бұрын алғанын айтады. Туған жылын көрсететін ЖСН-дегі алғашқы цифрларда қате кеткен. Ондағы сандар бойынша ер адам 30 жасқа жасарыпты.

"Бұған бірден назар аудармадым, кейін байқап, тиісті мекемелерге жүгіндім. Маған мұны өзгерту мүмкін емес деді. Қалай болса солай түзетуге тырыстым, бірақ еш амалын таппадым. Маған төменгі шенділер жауап берді, ал басшылыққа жібермеді. Қазір қиындықты аттап өтуге тырысқаныммен бәрібір проблемалар туындап жатыр", – дейді Сайлау Қожанов.

Ер адам қиындықтарға осыдан екі жыл бұрын ғана тап болған. Қазір куәлік барлық жерде қажет болады, содан адамдарда сұрақтар туындайды. Зейнеткер үнемі жағдайды түсіндіріп, тіпті сендіруге тура келетінін мойындайды. Ол жағдайға жақсы жағынан қарайды, бірақ қатені әлі де түзеткісі келетінін жасырмайды.

"Менің бір ұлым бар, ол 1975 жылы туған, ол менен 2 жас үлкен. Менің әйелім 71 жаста. Мен ең кішімін, әлі зейнетке шыққан жоқпын", – дейді Сайлау Қожанов жымиып.

Бұл жағдайға полиция түсініктеме берді. Егер ұйымдарда ер адамның бұл жағдайына сұрақтар туындайтын болса, онда бұл адамның қызығушылығынан болады. Бұл цифрлар өмірге ешқандай кедергі келтірмеуі керек.

"Жүйеде оның ЖСН-і 77-ден басталады, бірақ бұл қате деп саналмайды, ештеңеге әсер етпейді. Біз барлығымыз ЖСН туған жылдан басталатындығына үйренгенбіз, егер онда басқа сандар болса, бұл заңбұзушылыққа жатпайды.

Егер ер адам өзгергісі келсе, біз ешқандай жолмен көмектесе алмаймыз, өйткені заңға сәйкес, құжаттарды бірнеше рет және қайталай жасату кезінде жаңа ЖСН берілмейді", – деді Жасқайрат Қайыров, Павлодар облысы ДП бастығының бірінші орынбасары.

Полицияның айтуынша, жеке куәлікті қайта жасату кезінде аты-жөнін, тіпті туған жылын өзгертуге болады, бірақ ЖСН өмір бойына тек бір рет беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897878-ulymnyn-zasy-ozimnen-ulken-pavlodarlyq-zeinetker-30-zasqa-qalai-zasardy/