jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында екі өткізу бекеті ашылды

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Кен-Булун - автожол" және "Токмақ - автожол" өткізу бекеттерінің қызметі адамдар мен транспорттық құралдарды өткізу үшін қайта жанданғаны белгілі болды. Бұл туралы АКИpress елдің шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақ бөлігінде 5 бақылау-өткізу пункті жұмыс істейді (Шу облысында 4 және Таласта 1).

"Ақ-Тілек - автожол", "Чалдыбар - автожол", "Чон-Капка - автожол" өткізу бекеттерінде азаматтар мен жүк транспорттық құралдарын өткізу жүзеге асырылады.

"Кен-Булун - автожол" өткізу бекеті азаматтар мен транспорттық құралдар үшін, сондай-ақ Қырғызстаннан Қазақстанға бос жүк көліктерінің өтуі үшін ашық.

"Токмақ -автожол" өткізу бекеті тек азаматтар мен транспорттық құралдар үшін ғана ашық. Бұл бекет арқылы жүк пен тауар өткізу жүзеге асырылмайтыны атап өтілген.

Жүк пойыздарының өтуі "Қайыңды - теміржол" өткізу бекеті арқылы жүзеге асырылады.

Шекара бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Еске сала кетсек, БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында өңірлік бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Осыған байланысты бірнеше карантиндік шектеулер жеңілдетіледі.

Құжатқа сәйкес, БҚО-да театрлар мен мәдени орталықтардың жұмысы қайта жанданады (жеке, топтық дайындықтарға бір мезетте 30-дан артық адам қатыспауы, сондай-ақ келуішлер саны жалпы отыратын орынның 20 пайызынан аспауы керек).

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында екі өткізу бекеті ашылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.