Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тұрғын үй бағасы қымбаттады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда баспана бағасы артты деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы қаңтар айында:

- таза әрленген жаңа үйлердің республика бойынша орташа бағасы 1 шаршы метрі үшін 319 252 теңгені құрады. Былтырғы желтоқсан айымен салыстырғанда баға 3% көтерілді;

- абаттандырылған үйді қайта сату құны 1 шаршы метрі үшін 244 715 теңге болды. 2020 жылғы желтоқсанға қарағанда 5% қымбаттады;

- абаттандырылған үйді жалға алу бағасы 1 шаршы метрі үшін 1 687 теңгені құрады. Бұл, өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,7% жоғары.

Еске салайық, осыған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Ресейдегі жағдайдың теңгеге қалай әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Ол теңге мен рубль бағамы арасында желілік болмаса да, байланыс бар екенін атап өтті.

"Ресейдің қазіргі кездегі санкциялық тәуекелдері ерекше және жергілікті валюта нарығына тікелей әсер етпейді. Алайда санкциялар риторикасының нашарлауының жалғасуымен, Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірінің валютасы - рубльдің әлсіреуі теңге бағамына кері әсер етуі мүмкін", - дейді Молдабекова.

Ұлттық банк басшысының орынбасары портфельдік инвесторлардың Ресей нарығынан қосымша кетуі жағдайында резидент еместердің бір бөлігі Қазақстанның қарыз нарығына келуі мүмкін екенін атап өтті.

Оның айтуынша, қаңтар айында шетелдік инвесторлардың ағымы байқала бастаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897943-qazaqstanda-turgyn-ui-bagasy-qymbattady/

pixel