Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының тұрғыны нәрестесінің өліміне дәрігерлерді айыптады

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысының тұрғыны дәрігерлерді нәрестесінің өліміне айыптады. Бағлан Саудашевтың айтуынша, дәрігерлер оның жүкті әйеліне салғырттық танытқан деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Тұрғынның сөзіне сенсек, әйелі босанар алдында қатты қиналып, дәрігерлерден кесар тілігін жасатуды сұраған, алайда перинаталдық орталықтың мамандары оның жағдайын дұрыс бағаламай, өзі босана алады деген тоқтамға келіпті.

Әйелдің жағдайы тіпті нашарлап кеткенде ақыры ота жасалған. Өкінішке қарай ота кеш жасалып отыр.

"Олар оған уақытында көмектеспеді. Менің әйелім осында 3 күн болды. Ота жасауға өзі рұқсат берді. Ол азап шеккен. Ал дәрігер келіп, "өзіңіз босанасыз, уайымдамаңыз, бәрі жақсы болады" деді. Әйелім әлсіреп, құлап қалған кезде ғана олар оны операцияға алып барды", - дейді Бағлан Саудашев.

Ер адамның айтуынша, ол полицияға арыз жазып үлгерген - олар оған бұл факт бойынша тергеу басталғанын айтыпты. Ал перинаталдық орталықтағылар болса, босанған әйелге кесар тілігін жасау ұсынылғанына, алайда әйелдің өзі отадан бас тартқанына сендірді.

Дәрігерлер тіпті науқастың өзі жазды деген кесар тілігінен бас тарту туралы өтінішті көрсеткен. Ақ халаттылар баланың жүрегі әлсірей бастаған кезде әйелге ота жасалғанын алға тартты.

"Бастапқыда босану процесі қалыпты жағдайда жүрді. Содан кейін, жатырдағы баланың өміріне қауіп төну жағдайы туындаған кезде, ота арқылы босандыру шешімі қабылданды. Жатыр ішілік ақаулар болуы мүмкін деп күдіктенеміз. Бірақ бұған жауапты патологиялық сараптама береді", - дейді Түркістан облысы №1 аймақтық клиникалық орталығының акушер-гинекологы Ақмарал Мұхашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897945-turkistan-oblysynyn-turgyny-narestesinin-olimine-darigerlerdi-aiyptady/

pixel