Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда туған ағасын пышақтап өлтірген әйелге сот үкімі шықты

Жарияланған күні:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты 52 жастағы әйелге қатысты сот үкімін шығарды. Ол туған ағасына пышақ салып, абайсызда өлтірген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тергеу материалдарына сәйкес, қайғылы оқиға өткен жылы мамыр айында болған. 52 жастағы әйел ағасымен бірге арақ ішкен. Сол кезде екеуі сөзге келіп, арты жанжалға ұласқан Ашуға мінген әйел ағасына пышақ алып жүгірген

"Екі жарақат қатты тимеген. Әшейін, жеңіл ғана иығынан және санынан тіліп өткен. Ал бір соққы тура кеуде тұсына келді. Осы жарақаттан ер адам қайтыс болды", - дейді сот мамандары.

Сол күні әйел ағасына пышақ салғаннан кейін жатын бөлмеге кіріп кетеді. Ал ағасы ваннаға барып, сол жерде қайтыс болды.

Тергеу кезінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 3-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады және процессуалдық келісімге келді. Осыған байланысты сот оны 6 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Айта кетейік, Алматы облысында 26 ұрлық жасаған күдікті ұсталды.

"Ұсталған адамды криминалдық базалар бойынша тексеріп, тергеушілер оның Алматы облысы аумағында 26 ұрлыққа қатысы барын анықтады. Ол жымысқы әрекеттерін Қарабұлақ, Шымыр, Бақтыбай, Балпық би, Талдықорған және өзге де елді мекендерде іске асырған.

Қылмысының бәрін тапатал түсте жасап, жеке үйлерден пластикалық терезелерін ашып отырған. Дәлелденген эпизодтар бойынша келтірілген жалпы материалдық шығын 15 миллион теңгеден асады. Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - деді Ескелді ауданы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897954-qaragandyda-tugan-agasyn-pysaqtap-oltirgen-aielge-sot-ukimi-syqty/