Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін жаңа орын белгілі болды

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Instagram/gggboxing

Отандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің жекпе-жегі өтетін жаңа орын белгілі болды. Ол Жапонияда жұдырықтасуы мүмкін деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN телеарнасының инсайдері Сальвадор Родригес қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен қарсыласы жапон спортшысы Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жектің қайда өтуі мүмкін екенін айтты.

«Бұл айқас Жапониядағы Tokyo Dome аренасында өтуі мүмкін», — деді Родригес.

Бұған дейін ол Головкин мен Мурата командалары келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Алайда жапон боксшысы мұндай салмақты қарсыласпен кездеспес бұрын алдымен «қыздырынатын» жекпе-жек өткізгісі келеді.

Еске сала кетейік, Мурата WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болса, Головкин – IBF және IBO белбеулерінің иегері. Сонымен қатар, осы жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін Геннадий Головкин - Сауль «Канело» Альварес жекпе-жектері трилогиясының соңғы бөлімі туралы әңгіме басылар емес. Ол үшін Головкиннің мексикалық Хайме Мунгиямен жекпе-жекте сәтті өнер көрсетуі қажетті шарт болып отыр. Аталған айқас шамамен мамыр айына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897968-gennadii-golovkinnin-zekpe-zegi-otetin-zana-oryn-belgili-boldy/

pixel