Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"КВИ-ға қарсы вакцина 65 жастан асқандар үшін тиімсіз": Ақпарат қаншалықты рас

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Кейбір БАҚ беттерінде COVID-19-ға қарсы вакцинаның тиімділігінің төмен, тек 8 пайыз екендігі туралы ақпарат жарияланды. Неміс ғалымдары AstraZeneca препаратына қатысты осындай қорытынды жасаған екен. Бұны Германияның Федералды Үкіметі мен өндіруші компания өкілдері ресми түрде жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Бұл жаңалық алғаш рет HANDELSBLATT неміс басылымында осы жылдың 26 қаңтарында жарық көрген.

Мақала авторы вакцинаның тиімділігі төмен екендігі туралы ақпаратты тікелей федералды үкімет мүшелерінен алғанын хабарлапты. Алайда, кейіннен үкіметтің өзі бұны жоққа шығарды.

"Бір қарағанда, есептерде екі нәрсе араласқан сияқты: AstraZeneca тиімділігін зерттеуге қатысушылардың шамамен 8 пайызы 56-дан 69 жасқа дейінгі адамдар, тек 3-4 пайызы ғана 70 жастан асқандар. Бірақ бұл егде жастағы адамдар үшін тиімділік тек 8 пайызды құрайды дегенді білдірмейді" деп мәлімдеді Германия билігі.

AstraZeneca компаниясының ресми өкілдері де бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айта келе, егде жастағы адамдарды вакцинациялаудың жоғары тиімділігі қан анализімен дәлелденгенін жеткізді.

Бұл деректерді Lancet ғылыми журналында жарияланған вакцинаның клиникалық зерттеулері туралы есептері де растап отыр.

"Демек, 65 жастан асқан адамдар арасында COVID-19 қарсы вакцинаның тиімділігі төмен екендігі туралы хабарламалар негізсіз болып табылады. HANDELSBLATT басылымы тәуелсіз фактчекерлерге ақпарат көздері туралы деректерді немесе қандай да бір өзге растайтын мәліметтерді ұсынбағанын атап өткеніміз жөн", - делінген хабарламада.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898026-kvi-ga-qarsy-vakcina-65-zastan-asqandar-usin-tiimsiz-aqparat-qansalyqty-ras/

pixel