Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бастығының шайына қосқан": Ер адам КВИ жұқтырған науқастың сілекейін сатып алды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Түркияда автосалон қызметкері коронавирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосқан деп хабарлайды Lenta.ru.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта айыпталушы сот алдында жауапқа тартылып жатыр.

Автосалон иесі Ибрахим Унверди қызметкеріне автокөлік мәмілесі үшін 215 мың түрік лирасын берген. Алайда ол ертеңінде бастығына қоңырау шалып, ақшаны келісім жасамай несиесін төлеуге жұмсағанын айтыпты.

Ал Унвердидің сөзінше, қызметкері оны өлтіргісі келгенін басқа жұмысшылардан естіген.

Күдікті коронавирус жұқтырған адамның сілекейі құйылған құтыны 70 долларға сатып алып, бастығының шайына қосып жіберген.

Алайда Унверди оны ішпегендіктен, ауру жұқтырмаған. Содан кейін де жұмысшы бастығына қастандық жасайтынын ашық айтыпты.

Тіпті ол "мен сені вируспен өлтіре алмадым. Ендігі жолы басыңнан атып тастаймын" деп хабарлама жолдаған.

Осыдан кейін автосалон иесі тәртіп сақшыларына жүгінген. Қазіргі уақытта ұсталған күдікті кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда.

Естеріңізге сала кетейік, осыған ұқсас жағдай өткен жылдың наурыз айында Америка Құрама Штаттарында болды. Walmart дүкеніндегі сөреде тұрған азық-түлікті жалағаны үшін америкалық азамат терроризм сипатымен айыпты деп танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898039-bastygyny-sajyna-koskan-er-adam-kvi-zktyrgan-naukasty-silekejin-satyp-aldy/

pixel