Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған эпидемиологтың қызуы көтерілген

Опубликовано:

Медбике
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық эпидемиолог коронавирусқа қарсы вакцинаның ағзасына қалай әсер еткенін айтты. Эльвира Ибрагимованың сөзінше, оның дене қызуы көтерілген деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Кез келген екпеге адам ағзасы реакция береді. Бұл қалыпты құбылыс. Коронавирусқа қарсы вакцинаны мен де алдым. Сол күні қызуым көтеріліп қалтырай бастадым. Ол бір күнге созылды. Келесі күні денсаулығым қалпыма келді", - дейді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының эпидемиологы Эльвира Ибрагимова.

Телеарна дерегінше, "Спутник V" екпесінің кері әсері әзірге ешкімнен байқалмапты. Коронавирусқа қарсы вакциналау басталғалы Алматыда 1315 медицина қызметкері екпе салдырған. Денсаулығын алдын ала тексергенде 59 дәрігердің вакцина алуына тыйым салынды. Олар коронавирусқа қарсы екпені кейінірек алады.

Ал екі адам індеттен "Спутник V" арқылы қорғанудан бас тартыпты. Осыған дейін екпе алғандар ақпанның 21-інде вакциналаудың екінші кезеңінен өтеді. Қазір мамандар қалаға вакцинаның тағы 1750 дозасының жеткізілуін күтіп отыр.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, БАҚ беттерінде Талдықорғанда коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник-V" вакцинасы енгізілгеннен кейін медицина қызметкерінің есінен танғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейінірек, есінен танып қалды деген медбике видеоүндеу жариялап, жағдайының жақсы екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898143-almatyda-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrgan-epidemiologty-kyzuy-kterilgen/

pixel