Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы "Кселл" АҚ-ның таза пайдасы шамамен екі есеге өсті

Опубликовано:

"Кселл" АҚ
Фото: "Кселл" АҚ

Қазақтелекоммен серіктестіктің арқасында Kcell-дің қаржылық көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетуде

Қазақстанның телекоммуникация нарығында жетекші ұялы байланыс операторы болып табылатын Kcell өткен жылдағы қаржылық нәтижелерін жариялады: компания таза сатылым көлемінің өсімін екі есеге көбейтіп, операциялық кірісті үштен бір деңгейге дейін арттырды.

2019 жылы "Кселл" АҚ соңғы бес жылда алғаш рет өзінің қаржылық нәтижелерінің негізгі көрсеткіштерін жақсартуға қол жеткізді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ұялы байланыс операторы бұл оң тенденцияны сақтап, COVID-19 пандемиясына және оның Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі іскерлік белсенділіктің деңгейі мен көлеміне әсер етуіне байланысты күрделі проблемаларға қарамастан, бірқатар көрсеткіштер бойынша айтарлықтай жақсы нәтижелер көрсетті. Компания бұл жетістіктерді ұялы байланыс операторының екі жыл бұрын "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобына енуімен байланыстыруда.

"Біз бастапқыда компанияларымыздың технологиялық мүмкіндіктерін бірлесіп пайдалану олардың тиімділігін арттыруға және негізгі қаржылық көрсеткіштерін едәуір жақсартуға мүмкіндік береді деп ойладық", - дейді "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев. - Бірақ соңғы екі жылда елдің ең ірі ұялы байланыс операторының бірқатар негізгі параметрлер бойынша "Қазақтелекоммен" бірлесе отырып көрсеткен өсу динамикасы біздің болжамымызға қосымша жағымды бонус болды. Бұл нарық ойыншылары синергиясының көмегімен жоғары нәтижеге жету үшін таңдаған бағытымыздың дұрыстығын тағы бір рет растады".
Қуанышбек Есекеев
Қуанышбек Есекеев. Фото: "Кселл" АҚ

Атап айтқанда, 2020 жылы "Кселл" АҚ-ның таза сатылым көлемі 11,5%-ға өсіп, бір жыл бұрынғы 156 657 миллион теңге көрсеткішпен салыстырғанда, 174 684 миллион теңгені құрады: еске салсақ, 2019 жылы бұл көрсеткіштің 2018 жылмен салыстырғандағы өсімі (149 701 миллион теңге) 4,6%-ды құраған болатын. Біржолғы шығыстарды қоспағандағы операциялық пайда 29,5% -ға өсіп, 11 220 млн теңгені құрады, қаржыландырудың таза шығындары 11% -ға төмендеп, 2 277 млн ​​теңгені құрады.

Біржолғы шығыстарды қоспағанда, EBITDA көрсеткіші 12,1% -ға өсіп, 72 147 миллион теңгеге жетті (2019 жылы бұл көрсеткіш 64 364 миллионды құраған). EBITDA бойынша табыстылық 2019 жылы 41,1% болса, 2020 жылы 41,3%-ды құрады. Компанияның қызмет көрсетуден түсетін кірісі 1,8% -ға ұлғайып, 140 049 миллион теңгеге дейін (бір жыл бұрын 137 564 миллион) жетті, off-net bulk sms-ті қоспағанда өсім 3,8%-ды құрады. Нәтижесінде өткен жылы "Кселл" АҚ-ның таза пайдасы бір жыл бұрынғы 10 015 миллион теңге көрсеткішпен салыстырғанда, 17 578 миллион теңгені құрады - осылайша өсім 75,5 пайыз деңгейінде тіркеліп отыр.

"Қызметтерден түсетін кірістің өсуіне біздің инновациялық тарифтік жоспарларымызға жазылушылар санының артуы, сондай-ақ мобильді құрылғылар сатылымының артуы, соның ішінде онлайн-арналар арқылы сатылымның өсуі негіз болды", - деп түсіндірді "Кселл" АҚ бас атқарушы директоры және басқарма төрағасы Юрий Харламов. "Одан бөлек, қызметтерден түсетін кірістің өсуіне клиенттердің қажеттіліктеріне ерекше назар аударуымыз да түрткі болды. Бұған Reactiv және жаңа OTT өнімдері (интернет арқылы видеоқызмет көрсету) мен мобильді қаржылық қызметтер сияқты инновациялық тарифтердің енгізілуі дәлел бола алады. Сонымен қатар компанияның қызметтерін пайдалануды ыңғайлы ету үшін жаңартылған мобильді қосымшалар мен веб-сайттардың іске қосылуы да кірістің өсуіне ықпал етті. Нәтижесінде ARPU (бір пайдаланушыға шаққандағы орташа табыс) 2020 жылы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға, ал 4-ші тоқсанда - 7,9%-ға өсті", - деп қосты ол.
Юрий Харламов
Юрий Харламов. Фото: "Кселл" АҚ

Компанияның абоненттік базасы жылдың соңында 8 055 мың қолданушыны құрады. Бір жыл бұрын қолданушылар саны 8275 мың болған. 4-ші тоқсанда ұялы телефондар сатылымының өсуіне iPhone 12-нің шығуы қосымша түрткі болды, нәтижесінде ұялы телефондардың жалпы нарығындағы Kcell-дің үлесі артты. Тұтастай алғанда, 2020 жылы ұялы телефон сатылымы өткен жылмен салыстырғанда 81,4%-ға өсті, ал 4-тоқсандағы өсім 75,5%-ды құрады.

Десе де, бүкіл экономика үшін оңайға соқпаған 2020 жылда компания тұтынушыға көрсетілетін қызметтердің спектрін қайта қарауды қаржылық табыстың негізгі катализаторы деп біледі — соңғы жылдары жұмысының тиімділігін арттыру бойынша осындай өзгерістерге "Қазақтелеком" тобының барлық компаниялары ұшырады .

"2020 жылы B2B сегментінде біз портфель теңгерімін өзгертуге назар аудардық, off-net bulk sms секілді тиімсіз қызметтерді ұсынуды тоқтату туралы шешім қабылданды,", - деп еске салады Харламов мырза. - Біз, сонымен қатар виртуалды кеңсе қызметі сияқты жаңа ұсыныстарды әзірлеуді жалғастырдық. Бұл 2020 жылы off-net bulk sms-ті қоспағанда, осы сегмент көлемінің 28,5% -ға өсуіне әкелді, ал 4-тоқсанда өсім 29,2%-ды құрады. Дәл осындай жұмыс біздің бизнесіміздің барлық салаларында жүргізілді, нәтижесінде EBITDA бір реттік баптарды есептемегенде, жыл ішінде 12,1% -ға өсті, ал 4-тоқсанда шығындарды оңтайландыруға тұрақты күш-жігер жұмсауымыздың және кірістерді айтарлықтай арттырудың арқасында 22,8% өсті", - деп қосты ол.
"Нәтижесінде 2020 жылы компаниядағы еркін ақша ағыны 31,1% -ға өсіп, 28,7 млрд теңгені құрады, компанияның қарыз портфелінің көрсеткіштері де жақсартылды, бұл "Кселл"АҚ-ға қалыптасқан ақша ағындарын капиталды қажет ететін жобаларды қаржыландыруға бағыттауға мүмкіндік береді. Соның бірін елдің ірі ұялы байланыс операторы өткен жылдың соңынан бастап жүзеге асырып келеді: әңгіме 250 немесе одан да көп адам тұратын ауылдық жерлерде кең жолақты мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы бүкіл халықты цифрландырудың жоғары деңгейіне жетуді көздейтін 250+ жобасына Kcell АҚ-ның қатысуы туралы болып отыр", - дейді директорлар кеңесінің мүшесі Рашит Махат.
"Кселл" АҚ
Рашит Махат. Фото: "Кселл" АҚ

Естеріңізге сала кетейік, елдегі 1 миллионнан астам тұрғыны бар 1600 ауылға мобильді байланыс және жоғары жылдамдықты интернет ұсынатын бұл жобаны жүзеге асыру "Қазақтелеком" АҚ-ның күшімен 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптоталшықты байланыс желілеріне қосылудың арқасында мүмкін болып отыр.

"Операциялық синергияны арттыруға бағытталған "Қазақтелеком" АҚ акционерлік қоғамының өзге бірлескен жобалары да сәтті дамып келеді: 2020 жылдың үшінші тоқсанында басталған компаниялардың радио желілерін интеграциялаудың бірінші кезеңі қызметтердің сапасын және желінің өткізу қабілеттілігін жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік берді. Әзірге компания осы көрсеткіштер бойынша қойылған мақсаттарға жету үстінде, десе де оператор өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді", - деді директорлар кеңесінің мүшесі Рашит Махат. — 2020 жылы компанияда "Қазақтелеком" АҚ-мен алғашқы бірлескен конвергентті өнім сәтті іске қосылды. Бұл өнім тіркелген және ұялы байланыс қызметтерін ұсыну бойынша екі компанияның тәжірибесіне негізделген Ал өткен жылдың 4-тоқсанында тұтынушылардың тәжірибесін жақсартуға бағытталған коммерциялық функцияның тиімділігін арттыру бойынша жоба іске қосылды", - деп толықтырды ол.

Компанияның алдағы жоспарлары - жаңа өнімдер мен қызметтерді шығаруды жеделдету, оның VAS (платформалардың негізгі қызметтеріне қосымша қызметтерді дамыту), OTT (контент-провайдерден пайдаланушының құрылғысына бейне сигнал жеткізу) және MFS саласындағы қатысуын кеңейту, мобильді қосымшасын жетілдіріп, онлайн-арналарын сатуды және тұтынушыларға қызмет көрсетуді дамыту.

"Қазақстанда коронавирустық пандемияға қатысты жағдайдың біртіндеп тұрақтануын ескере отырып және 2021 жыл ішінде ерекше жағдайлар болмаған жағдайда, 2021 жылы кірістер мен EBITDA өсімі шамамен 8-10% болады деп болжануда", - деп қосты директорлар кеңесінің мүшесі Динара Іңкәрбекова.
"Кселл" АҚ
Динара Іңкәрбекова. ФОто: "Кселл" АҚ

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 21 желтоқсанында "Қазақтелеком" АҚ Telia Company мен Fintur Holdings B.V.-ге тиесілі "Кселл"АҚ акцияларының 75% сатып алды. Екі жылға жуық уақыттан бері Kcell "Қазақтелеком" компаниялар тобының мүшесі болып табылады және "Қазақтелекоммен" серіктестік артықшылықтарын өзінің қызметінің барлық бағыттарында сәтті пайдаланып келеді. Өз желілерін "Қазақтелеком" АҚ-мен біріктіру процесі Kcell-ге әлеуетті синергияны барынша арттыруға мүмкіндік береді және технологияларды жетілдіруге және көрсетілетін қызметтер сапасының өсуіне ықпал етеді.

* PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898213-2020-zyly-ksell-aq-nyn-taza-paidasy-samamen-eki-esege-osti/

pixel