Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік ғарышкер Қазақстанның орбитадан түсірілген ғажайып фотоларын жариялады

Опубликовано:

ғарыш
Фото: www.instagram.com/olegmks

"Роскосмостың" ұшқыш-ғарышкері, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері Олег Артемьев Қазақстанның орбитадан түсірілген суреттерімен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ресейлік ғарышкер өзінің Instagram парақшасында фотосуреттер жариялаған. Ол "По заявкам" айдарын ашуға шешім қабылдапты.

"Бүгінгі фотосуреттер сериясында - әдемі, күшті, мәдениеті мен табиғаты бай, ерекше және жұмбақ Қазақстан Республикасы!", - деп жазды Олег Артемьев.

Ол барлығы жеті сурет жүктеген. Фотоларда Балқаш көлі, Жаман Ақкөл, Өлі Құлтық ұңғымасы, Каспийдегі шаңды дауыл, сонымен бірге Байқоңыр мен Арал теңізі бейнеленген.

Суреттерді жылжыту арқылы Instagram-нан көруге болады.

Желі қолданушылар таңғажайып кадрларды көріп, оны ерекше бағалаған.

"Көп рақмет! Туған жердің табиғатын көргеніме қуаныштымын!", "Сізге көп рақмет, мен де Қазақстаннанмын", "Ғарышкерлер - біздің заманның батыры", "Бұл өте керемет! Тағы да суреттер күтеміз", "Олег, сізге алғыс білдіремін", - деп жазды желідегілер.

Еске сала кетсек, астрономдар 2021 жылдың 11 қаңтарында екі күннен кейін Жерден шамамен сегіз миллион шақырым қашықтықта 2020 WU5 астероиды ұшып өтетінін мәлімдеген еді.

Аспан денесі орбитасының траекториясы НАСА реактивті қозғалыс зертханасының сайтында көрсетілген болатын. Сол кезде ғалымдар аспан денесін қауіпті астероид болуы мүмкін деп топшылаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898289-resejlik-garysker-kazakstanny-orbitadan-tsirilgen-gazajyp-fotolaryn-zarialady/

pixel