Мәжіліс депутаты Жер кодексі үшін үкіметті сынап тастады
Жарияланған күні:
Мәжіліс депутаты Айбек Паяев палатаның жалпы отырысында үкіметке қазақстандықтарға Жер кодексіне енгізілген түзетулерді дұрыс түсіндірудің маңыздылығын еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Премьер-министр Асқар Маминге сұраныс жолдаған Айбек Паяев президент Қазақстан жерін шетелдіктерге сатуға тыйым салғанын атап өтті.
Депутаттың айтуынша, үкіметтің міндеті - бұл ережені халыққа түсіндіру, сондай-ақ ауылшаруашылық жерлерін экономикалық айналымға енгізудің басқа тәсілдерін әзірлеу.
"Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі бастамашылық еткен Жер кодексіне Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді сатуды, сондай - ақ Қытайдан Қазақстанға оралған қандастарымызға жерді жалға беру мерзімін 25 жылға ұзартуды көздейтін өзгерістер енгізілді. Бұл түзетулер 2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуі керек еді",- деді мәжілісмен.
Алайда, оның сөзінше, жергілікті әкімдіктер халыққа жаңа заң нормаларын дұрыс түсіндірмеген, сол себепті тұрғындарда наразылық көңіл-күй туындап жатыр.
"Адамдар өздеріне ауылшаруашылық жерді сатып алуға мәжбүрлейді, ал шетелдіктер жерді басып алады деп болжады. Нәтижесінде, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға беру және оларды шетелдіктерге жалға беру ережелерін қолдануға 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланды",- деді депутат.
Айтуынша, мораторий қоғамдағы наразылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік, ал билікке қоғамда дау тудырған нормаларды нақтылауға уақыт берді.
"Мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалды. Бірақ мен үкіметтің Жер кодексінің проблемалық мәселелерін шешу үшін жеткілікті күш жұмсамай отырғанын мәлімдеуге мәжбүрмін",- деді ол.
Осыған байланысты ол үкімет басшысынан ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылған түзетулерді қоғаммен бірлесе талқылай отырып, осы бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсыруды сұрады.
"Жоғарыда баяндалғанның негізінде, біз Қазақстан президентінің жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін осы жылдың 1 шілдесіне дейін дереу жер туралы заң қабылдауымыз керек", - деп түйіндеді Айбек Паяев
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898302-mzilis-deputaty-zer-kodeksi-sin-kimetti-synap-tastady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.