Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шекарасын кесіп өтудің жаңа ережелері жарық көрді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Мемлекеттің шекарасын қорғау мен күзетуді жүзеге асыратын ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствосы Қазақстан шекарасынан өтудің жаңа ережелерін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"СOVID-19 пандемиясына байланысты Мемлекеттік шекараны кесіп өту бойынша шектеулер жалғасуда.

2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан үкіметі жанындағы коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жаңадан карантиндік шектеулер кезеңінде шекараны кесіп өтудің тәртібін бекітті, онымен интернет-ресурста және knb.gov.kz ресми арналарында "Пайдалы сілтемелер" бөлімінде танысуға болады.

Ел шегінен тыс шығатын адамдар үшін белгілі бір жеңілдіктер енгізілді. Қазақстан азаматтарына 30 тәулікте 1 рет құрлықтағы өткізу пункттері арқылы кез келген мақсат бойынша шекарадан өтуге рұқсат етілген. Бұл ретте, күндерді санау азаматтың Қазақстан Республикасына оралған күнінен басталады.

Бұрын қолданылған кесіп өту тәртібінде Қазақстан азаматтарының шеңбері шектеулі болатын (тек емделуге, отбасымен бірігуге, жерлеуге және т. б.).

Көрсетілген кезеңділік емделуге, жерлеу рәсіміне, отбасының ауыр науқас мүшелерін күту үшін, оқуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, басқа мемлекетке тұрақты тұруға және т.б. шығу мақсатында құрлықтағы өткізу пункттері арқылы Қазақстан шекарасынан өтетін Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылмайды.

Азаматтардың бұл санаты 30 күндік аралықты күтпестен елден шыға алады.

Бұл ретте, Қазақстан азаматтары әуе әуе қатынасы арқылы шекараны қандай да бір шектеусіз өте алады.

Бүгінгі таңда келесі тікелей әуе қатынасы жаңартылды - бұл Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Германия, Нидерланды, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет, Оңтүстік Корея, Мальдив, Шри-Ланка.

Қазақстанның тұруға ықтиярхаты бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келетін шетелдіктер үшін отбасы мүшелерімен кездесу мақсатында шекараны кесіп өту жиілігі 90 тәуліктен 30 тәулікке дейін қысқартылды.

Күндерді санау шетелдік Қазақстан Республикасынан шыққан кезде басталады.

Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер негізінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы "С10", "В8" санатындағы визасы немесе қазақ ұлтына тиесілігі туралы белгісі бар жеке басты куәландыратын құжаттар (төлқұжат, жеке куәлік, туу туралы куәлік және т.б. нотариалды куәландырылған аудармасы бар) болған кезде этникалық қазақтардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің (жұбайы, зайыбы, ата-анасы мен балалары) Қазақстанға кіруіне рұқсат етіледі, бірақ 30 күнде 1 реттен артық емес", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, шетелге емделуге шығатын Қазақстан азаматтары үшін өзімен бірге Қазақстан Республикасының медициналық мекемелері беретін 026/у анықтамасы болуы керек.

Шекара қызметі күн сайын жұмыс уақытында карантиндік шектеулер кезеңінде шекарадан өту тәртібі жөнінде 8 (7172) 719 - 111 анықтама қызметінің нөмірі бойынша, сондай-ақ шекара қызметінің shekaraknbkz Instagram арнасы арқылы хабарламалар жолдау арқылы азаматтарға консультация беруді жүзеге асырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898313-kazakstan-sekarasyn-kesip-tudi-zaa-erezeleri-zaryk-krdi/

pixel