Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлерінің саны белгілі болды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинадан бас тартқан медицина қызметкерлерінің санын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейін 13 301 медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы екпе салынған.

"218 қызметкердің вакцинациясы кейінге шегерілді. Медициналық көрсеткіштерге байланысты оларға екпе кейіннен салынады. Ал 130 қызметкер, яғни вакцина алғандардың 0,9 пайызы екпе алудан бас тартты", – деді Есмағамбетова.

Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы вакцинацияның ерікті түрде жүргізілетінін тағы бір рет еске салды. Сондықтан одан бас тартқан адамдарға ешқандай шара қолданылмайды, дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Страсбург университетінің молекулярлық биология және вирусология саласындағы PhD докторы, ғалым Әсел Мұсабекова коронавирусқа қарсы вакцинаның кейбір адамдарға не себепті көмектеспейтінін түсіндірген болатын.

Ғалымның айтуынша, "Спутник V" вакцинасы аденовирустар негізінде жасалған.

"Мысалы, "Спутник V" сияқты векторлық вакцинаны алсақ, ондай вакциналар аденовирустар негізінде жасалады. Ал аденовирус – жыл сайын тұмау мауысымы кезінде таралатын вирустар. Олардың түр-түрі болады. Бізде көп аденовирусқа қарсы иммунитет қалыптасқан. Ал "Спутник V" вакцинасында адамның екі аденовирусын қолданған.

Біреуі – 5-ші аденовирус, екіншісі – 26-шы аденовирус. Оларға қазіргі COVID-19-дың бір бөлшегін қосып қояды. Осылайша векторлар, яғни аденовирустар адам ағзасындағы жасушаларға жаңа вирус туралы "ақпарат" жеткізеді де, антиденелер бөліне бастайды, қорғаныс жүйесі қалыптасады", - деді Мұсабекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898335-elimizde-vakcinadan-bas-tartkan-medicina-kyzmetkerlerini-sany-belgili-boldy/

pixel