jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Наурыз мерекесінде Қазақстанда карантин күшейтіле ме: Министрлік пікір білдірді

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау вице-министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қазақстандықтар биыл Наурызды қалай тойлайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Баспасөз мәслихатында наурыз айындағы мерекелік күндерде коронавирусқа байланысты қатаң шаралар қабылдау мүмкіндігі туралы сұралды.

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Ғинияттың сөзінше, бұл жағдай әрбір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады.

Сондықтан әр өңірдің бас санитар дәрігері жергілікті жердегі аурудың таралуына қатысты көрсеткіштерді назарға алып, өздерінің қаулысын қабылдайтынын жеткізді.

"Барлығы қалыпты болса, қазіргі тәртіпте жұмыстар жалғасады. Бірақ бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Әркім наурызды өз отбасында тойлауы қажет", - деді ол.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасының жобасы әзірленген болатын.

"Наурыз мейрамының негізгі мақсаты - Қазақстан жерінде бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Тұжырымдаманың қабылдануы мерекенің мазмұнын байыта түседі", - дейді жобаны әзірлеушілер.

Жобада Наурыз мерекесін атап өтуге қатысты іс-шаралар 14-23 наурыз аралығында, яғни 10 күн өткізілетіні айтылған.

Наурыз мерекесінде Қазақстанда карантин күшейтіле ме: Министрлік пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.