RU

Өзбекстан президентінің қызы отбасында болған қызық оқиғаны еске алды

Фото
Фото: Saida Mirziyoyeva/Facebook

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үлкен қызы Саида Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жариялап, тұрмысқа шыққан кезде күйеуінің отбасында болған жағдай туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол келін болып түскендегі алғаш рет тамақ пісіргенін сөз етті.

"Тұрмысқа шықпас бұрын мен тек бір тағам - чузма лагман пісіруді ғана білдім. Ұятқа қалмау үшін анамнан лагман рецептісін біліп алдым. Анам бәрін айтып берді, бірақ тұз қос деуді ұмытып кетті. Лагман әдемі шықты, алайда дәмі тұзсыз қалай болғанын елестетіп көріңіз", - деді Саида.

Оның сөзінше, жақындарым әдептілік танытып, лагманды бес минутта жеп қойған. Бірақ үстел үстіндегі тұзды бірінен соң бірі сұрады, деді Өзбекстан басшысының қызы.

Айта кетейік, Саида Мирзиёева — Шавкат және Зироатхон Мирзиеёвтардың үлкен қызы. Оның үш баласы бар: Шавкат, Миромон және Саодатхон.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Саида Мирзиёева Дубайдағы әйелдер форумында Иванка Трамппен кездескенін хабарлаған едік.

Жиында сөйлеген сөзінде Мирзиёева БАӘ-ді әйелдердің инновациялық жобалары үшін ең қолайлы ел деп бағалап, тәжірибе алмасу үшін маңызды мемлекет екенін баса айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898427-ozbekstan-prezidentinin-qyzy-otbasynda-bolgan-qyzyq-oqigany-eske-aldy/