Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"16 жылым бар": Ләйлә Сұлтанқызы зейнеткерлік туралы айтты

Жарияланған күні:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы зейнеткерлік мәселесін көтеріп, оған қатысты өз ойын айтты. Белгілі болғандай, ақпарат өкілінің зейнетке шығуына 16 жылдай уақыты бар екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram желісінде зейнеткерлік жайында жазба жариялап, онда бүгінгі қоғамның проблемасын көтерді. Тележүргізушінің айтуынша, қазіргі таңда 50-55 жастағы әйелдерге жақсы жұмыс табу қиынға соғуда.

"Қырықтан асып, елуге қарай аяқ басқан кезім ғой. Зейнеткерлікке әлі 16 жылдай уақыт бар екен. Осы уақыт ішінде мен не істеп үлгерем? Екі тіл меңгеруге болады, жаңадан компания құрып, аяғынан тік тұрғыза алармын, докторлықты қорғауға болар. Тағы не? Бұрынғыдай қырып жұмыс істеуге шамам жете ме? "Менің істегенімді жастар да істей алады ғой" деп жол беру керек пе әлде?

Жасы елуден асқан соң әйел адамдардың потенциалы төмендейтіні рас,дегенмен неге біздің қоғам 50-55 жастағы әйел қауымына жақсы жұмыс ұсына алмайды. Мен өзімді емес, замандас қыз-келіншектердің жайын айтқым кеп отыр. Кейін кезде осыны ойлап жүрмін. Оған себеп: өткенде жақын құрбым собеседование өткізді. Сонда кімдер келді деп ойлайсыздар? Жасы 50-55-тен асқан келіншектер. Қарапайым жұмысшы болу үшін. «Бұл ауыр жұмыс қой, басқасын қарастырмадыңыз ба?» деген сұрақ қойылды. Айтқан уәждері: «Бізді ешқандай жер жұмысқа алмайды, біз қоғамға керек емеспіз». Қарап отырсаң, шындық.

Елуден асқанның бәрі ондай жұмысқа баратындай оқымаған дей алмаймыз. Белгілі бір себептермен кезінде қызмет ете алмаған шығар. Ал, енді ше? Оларға мүмкіндік беруге болмай ма? Осы қаншалықты әділ? Қорқыныштысы не? Білесіздер ме? Олар «ойлау қабілеті төмен» боп қалады. Психологиялық тұрғыдан ауруға шалдығып қалуы да мүмкін ғой. Қанша жерден жастарға жол беру керек десек те, зейнетке шыққанша үлкендерге қоғамнан алар орын беруіміз керек менің ойымша" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898428-16-zylym-bar-laila-sultanqyzy-zeinetkerlik-turaly-aitty/