Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус пандемиясы қашан аяқталады: Ғалымдар болжам жасады

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: centralasia.media

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман әлем ғалымдарының коронавирус пандемиясы туралы болжамын айтты деп хабарлайды Қазақпарат.

Әлем ғалымдарының болжамы бойынша, бір миллион тұрғынға шаққанда, сегіз адам көз жұмса локдаун (карантин) енгізу ұсынылады.

"Вашингтон университетінің ғалымы Крис Мюррейдің айтуынша, ұжымдық иммунитетің қалыптасуы - бұл вирустың адамнан адамға жұғуын төмендетеді. Соған қарамастан, көптеген сарапшылар коронавирус пандемиясы 2021 жылдың екінші жартысында вакцинацияның арқасында аяқталуы керек деп санайды", - деді Алмаз Шарман.

Сонымен қатар, ол коронавирус - адам ағзасындағы қылтамырларға әсер етуі мүмкін жүйелік ауру екенін жеткізді.

"Ливерпульдегі тропикалық медицина мектебінің профессоры Пол Гарнер коронавируста ең осал топ ретінде қант диабеті, гипертония, семіздік сияқты созылмалы аурулардан зардап шегетін науқастар мен қарт кісілерді атады. Коронавирустан көз жұмған науқастардың 90 пайызы осындай ауруларға шалдыққан. Сол себепті бұндай ауруларды емдеу және алдын алу өте маңызды. Ол үшін қозғалыс белсенді болып, дұрыс тамақтанып, жақсы тынығу керек", - деді профессор.

Алмаз Шарман дер кезінде инфекцияның алдын алып, сол арқылы экономикасына зиян келтірмеген бірқатар елді атады.

"Мәселен Оңтүстік Корея, Тайван және Жаңа Зеландияны алар болсақ, бұл елдерде вирус күнделікті өмірді қатты өзгерткен жоқ. Оларда жұқтыру мен өлім деңгейі едәуір төмен. Ал, Жапония локдаун енгізген алғашқы мемлекет болды. Эпидемияға қарсы шараларды қатаң сақтаудың арқасында бұл елдердің экономикасы мен әлеуметтік өмірі онша зардап шеккен жоқ. Бұл елдерде үкімет пен дәрігерлерге сенім артты. Сонымен қатар Шығыс Азия елдерінде маска тағып жүру дәстүрге айналған", - деді профессор.

Одан бөлек, ғалым грек-америкалық әлеуметтанушы, биолог және танымал дәрігер Николас Кристакис ұсынған пандемиядан кейінгі оптимистік болжамдардың үш кезеңін атады.

  • Бірінші кезең – маска тағу, әлеуметтік қашықты сақтау, жабық кеңседе жұмыс істемеу. Сондай-ақ оған қолжетімді вакцина мен ұжымдық иммунитеті қалыптастыру кіреді.
  • Екінші кезең - 2022-2024 жылдары эпидемиологиялық, биологиялық, әлеуметтік және экономикалық сала қалпына келтіріледі. Көптеген адамдар денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы зардап шегеді және медициналық көмекке мұқтаж болады.
  • Үшінші кезең - 2024 жылдан кейін қайта жаңғыру басталады. Адамдар қалыпты өмірге оралады. Яғни, қоғамдық орындарға, мәдени және басқа да іс-шараларға бара алады. Экономика, кәсіпкерлік, ғылым мен мәдениет қайта дамиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898565-koronavirus-pandemiyasy-qasan-ayaqtalady-galymdar-bolzam-zasady/

pixel