Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде көліктердің дәлме-дәл сыңарын жасайтын алаяқтар көбейген

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Елордалық полицейлер Алматы облысының тұрғына тиесілі көліктің сыңарын тапты. Бүгінде VIN-кодтары бірдей екі автомобилді анықтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, елімізде соңғы кездері көліктердің VIN-кодтарына байланысты алаяқтық деректер жиі анықталуда.

Мәселен былтырдың өзінде аталмыш заңбұзушылық бойынша бес дерек тіркелген.

Мысалы Нұр-Сұлтан қаласында табылған Ауди А6 маркалы көліктің сыңары бойынша іс әлі де тергеп-тексерілуде. Бүгінде көлікке сот-трасологиялық сараптама тағайындалған. Нәтижесі әзірге белгісіз. Құзырлы орган өкілдері алаяқтықтың бұл түрі заңмен қудаланатынын ескертеді.

"386 бап деп айтып отырғанымыз, яғни көліктің сәйкестендіру нөмерін өзгерту, қолдан жасау, бұл қылмыс үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған немесе 2000 айлық көрсеткішке дейін айыппұл салынады", - дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Данияр Орал.

Мамандар болса, көліктің VIN-кодтары бойынша қылмыстық істердің артуын елдегі көлік бағасының қымбаттауымен байланыстырып отыр.

Бүгінде темір тұлпарлардың құны шарықтап тұрғанына не себеп болғанын ешкім дөп басып айта алмайды. Бірі доллар бағамдарына байланысты десе, енді бірі ішкі нарықтың төмендігінен дейді.

"Осы көліктерді шығаруға кететін шикізаттардың, қосалқы құралдарының қымбаттауы, жалпы әлемдік нарықтағы металдың қымбаттауы көліктің өзіндік құнының қымбаттауына әкеліп жатады", - дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Десе де, темір тұлпар құны артты деп заңды белден басуға жол жоқ. Сондықтан да құзырлы орган қызметкерлері тұрғындарды мұндай айлакерліктен аулақ болуға шақырады.

Б. Сатуов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898599-elimizde-kolikterdin-dalme-dal-synaryn-zasaityn-alayaqtar-kobeigen/

pixel