Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" эфирге не себепті шықпай кеткенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Отандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасының не себепті эфирге шықпай кеткенін айтты. Жоба ұжымының 22 ақпанға дейін үзіліс алуына кім немесе не түрткі болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы бағдарламаның көгілдір экраннан көрінбей кетуінің себебін оны сы күнге дейін тізгіндеп келе жатқан Дина Төлепбергеннің өзі түсіндірді.Тележүргізуші бұл мәселеге қатысты өзінің Instagram парақшасында қысқа әрі нұқса жауап беріп өткен.

"Неге "Астарлы ақиқат" эфирге шықпай жатыр дегендерге жауап- менде саббатикал. Ол 22 ақпанға дейін жалғасады" , - деп жазды Дина Төлепберген.

Айта кетейік, саббатикал дегеніміз бірнеше айға созылған демалыс болып табылады. Оны әдетте эмоциналды тұрғыда күйзеліске түскен қызметкерлер алады. Алайда, олар демалып алған соң, қызметіне қайтадан қызу кіріседі.

"Астарлы ақиқаттың" соңғы шулы шығарылымдары Дина Төлепбергенге ерекше әсер етіп, оның үзіліс алуына себепкер болса керек. Оның жариялаған саббатикалы осы айдың 22-не дейін созылмақ. Бұл жайт оның желідегі оқырмандарын алаңдатып қойды. Олардың кейбірі тіпті әлдекімдердің бағдарламаны жауып тастамақ екенін болжап жазды.

"Дауыл алдындағы тыныштық", "Жауып тастамайды ма сіздерді? Алаңдап жатырмыз" , "Сол күйі шықпай кетпесеңіз болғаны" , "Үзіліс алған ғой" , "Сіз үшін алаңдаулымыз. Соңғы эфир сізге қатты әсер еткені көрініп-ақ тұрды. Жылап жіберуге аз қалдыңыз" , "Мықты болыңыз" , - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898626-dina-tolepbergen-astarly-aqiqattyn-efirge-ne-sebepti-syqpai-ketkenin-tusindirdi/