Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүздеген баланың өмірде өз жолын табуына көмектескен Сара Алпысқызы бүгін 80 жасқа толды

Опубликовано:

Сара Назарбаева
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Адамның өзгелерге деген көзқарасы мен талпынысын оның іс- әрекеттері арқылы тануға болады. Қиын сәтте қол ұшын берген, мейірімділік пен жауаптылық танытқан жандарды әрқашан жылы сезіммен еске аламыз.

12 ақпанда Назарбаева Сара Алпысқызы 80 жылдық мерейтойын атап өтеді. Оның балалық шағы оңай болмаған. Ерте жастан анасынан айырылды.

12 жасында Теміртау қаласының тігін фабрикасында, содан кейін Қарағанды металлургия комбинатында жұмыс істеді. Қазақстанның болашақ бірінші ханымы осы жерде жары Нұрсұлтан Назарбаевпен танысып, көп ұзамай отбасын құрды.

Сара Алпысқызының мейірімділігі мен адамгершілігі игі істерді жасауға бастама болды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Осыдан 30 жыл бұрын өзі құрған «Бөбек» республикалық қоры Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында жүзеге асырылған ең табысты қайырымдылық жобалардың бірі атанды.

Ал отбасы үлгісіндегі балалар ауылын құру жөніндегі бастамасы ең сәтті жобалардың бірі болса керек. Алматы (1997ж.), Нұр-Сұлтан (2000ж.) және Теміртау (2004ж.) қалаларында ашқан «SOS – Қазақстан балалар ауылдары» біздің түсініктегі балалар үйі емес. Мұнда отбасындағы жайлылық пен жылы қарым-қатынас атмосферасы орнаған.

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры

Теміртау қаласында орналасқан балалар ауылының бұрынғы директоры Валерий Дубровский былай деп еске алады:

«Сара Алпысқызы шетелдік тәжірибені зерделеп, Қазақстанда балалар ауылының моделін енгізді. Бұл әлеуметтену жүйесіне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиесіне өзгеше көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ең бастысы, Сара Назарбаеваның қызметі және балалар ауылының табысты жұмысы арқасында жүздеген бала өмірдегі орнын тауып, табысқа кенелді. Директор қызметінде болған 17 жыл ішінде мен осындай оқиғалардың көбіне куә болдым».

Сара Алпысқызы адвокат Дмитрий Куряченконың өмірінде де маңызды рөл атқарды.

Дмитрий Куряченко
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қоры
«Мен Осакаров ауданындағы Литвин балалар үйінде тәрбиелендім. Оқуды бітіргеннен кейін Қарағанды университетіне оқуға түсіп, заңгер болуды армандадым. Бірақ Қарағандыда тұратын тұрғылықты жерім болмады, үй-жәй алу үшін қаражатым да жоқ еді. Осындай қиын сәтте маған Сара Назарбаеваның қоры көмектесті. Қор маған баспанамен көмектесіп, күнделікті азық-түлікпен қамтамасыз етті, сабағыма қажет оқулықтарды алып берді. Бұл көмек сол кезде мен үшін өте маңызды болатын», - деп еске алады.

Балалар ауылы туралы Заң қабылданғаннан бері бұл үйлерден 2 500 мыңнан астам бала қанат қағып, үлкен өмірге жолдама алды. Қазіргі уақытта 15 балалар ауылында 941 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде 3 «SOS – Қазақстан балалар ауылдарында» 300-ден аса бала тәрбиеленіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898633-zuzdegen-balanyn-omirde-oz-zolyn-tabuyna-komektesken-sara-alpysqyzy-bugin-80-zasqa-toldy/