jitsu gif branding logo appbranding logo app

Балғынбек Имаш: Ұлан байтақ жерімізді игеретін ғылымымыз, не қорғайтын қаруымыз жоқ

Балғынбек Имаш
Фото: Instagram/balgynbek_official

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш желіде азулы жазба жариялап, бүгінгі қоғамда өзін ашындыратын жайттарды тізіп шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш эмоцияға беріліп, Instagram парақшасында аса әсерлі жазбамен бөлісті. Айтыскер ақын бүгінде халықтың қол қусырып отырғанына және елінің болашағы үшін ештеңе жасамай жатқанына күйінді.

"Біз де бабалардың қалдырған ұлан байтақ жерімен мақтанамыз. Не оны игеретін ғылымымыз, не қорғайтын қаруымыз жоқ. Ия, Қабанбайдай батырлардың қылышы жоқ, ия, жүйріктердің тынысы жоқ, ия, байларымыздың ырысы жоқ, ия, Наурызбайлардың найзасы жоқ, ия, Кенесарының айласы жоқ, ия, Абайлардың ақылы жоқ, ия, Аяз бидің нақылы жоқ, ия, балуандардың тақымы жоқ, немізбен мақтанамыз? Жасағанымыз ысырап, асағанымыз қиянат, естігеніміз жаманат, аттағанымыз аманат, бұл қалай болды, Жамағат? Білекті батырлардык басын құрап, бір байрақтың астына біріктіре алатын жүректі жігіттерден кім бар" , - деп жазды Балғынбек Имаш.

Желі қолданушылары бірден айтыскердің жазбасын қызу талқылауға кірісті. Алайда, бұл мәселеге қатысты олардың ойы екіге бөлінді. Бірі Балғынбек Имашты толықтай қолдап жатса, енді бірі керісінші оның сөздеріне қарсы шыққан.

"Сөздеріңіз орынды, бірақ қазір қару алып соғысатын емес, білім алып жарысатын заман ғой" , "Сізді толығымен қолдаймын" , "Ал мен келіспеймін. Менің өз мемлекетімдегі өмірім көңілімнен шығады. Халыққа не жетпейді тағы да? Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз" , "Қайдан болсын ондай ұрпақ, келмеске кетіп барады" , "Бүгінгінің жастары өз тілінен гөрі орысша сөйлегенді жөн көреді. Басқасын айтып қайтеміз" , - деп жазды көпшілік.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.