Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот кеңесі Жоғарғы сот судьясының ұсталуына байланысты пікір білдірді

Опубликовано:

Судья
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанның Жоғарғы сот Кеңесі ресми сайтында Жоғарғы сот судьясының қамауға алынуна қатысты мәлімдеме жасады.

"2021 жылы 11 ақпанында бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Жоғарғы Сот судьясы басқа судьяның қызмет орнын ауыстыруға ықпал ету үшін пара алу үстінде ұсталуы туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесінің баспасөз қызметі келесіні хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпараттағы судья 2019 жылы ақпаны мен 2020 жылы желтоқсан аралығында Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болған.

"Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Заңына сәйкес, Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшелері 10 адамнан тұрады. Оның 8-і қазіргі таңда судья. Кеңес құрамына судьяларды Жоғарғы Сот өзінің алқа мәжілісінің отырысында сайланып (Жоғарғы Сот судьяларының барлығы мақұлдап) ұсынылады.

Кеңес мүшелері әр бір жарым жыл сайын ауысып отырады. Жоғары Сот Кеңесінің құрамы соңғы рет 2020 жылы желтоқсан айында жаңарды", - делінген ресми хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қызмет атқарып жүрген судьяларды бір соттан басқа сотқа ауыстырулар конкурстан тыс тәртіпте тек Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынымымен Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі негізінде іске асуы мүмкін.

Жоғарғы Сот Кеңесі осы шешімді негізге алып, ұсыныс жасайды.

Еске сала кетсек, 11 ақпанда Жоғарғы сот судьясының ұсталғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898701-zogargy-sot-kenesi-zogargy-sot-sudyasynyn-ustaluyna-bailanysty-pikir-bildirdi/

pixel