Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Жоғарғы соттың судьясы ұсталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда ірі сомада ақша алу кезінде Жоғарғы соттың судьясы ұсталған. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі Facebook парақшасында хабарлады.

"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік қызметі белгілі бір уақыт ішінде бірлескен іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде 11 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемдегі ақшаны алу кезінде Жоғарғы сот судьясы ұсталды", - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу нұсқасына сәйкес, қаражат оның Жоғары сот Кеңесінде жұмыс істеген кезінде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын басқа сотқа ауыстыруға жәрдем көрсеткені үшін берілген.

Сонымен бірге Түркістан қаласында ақшаны беріп жіберген аудандық соттың судьясы да ұсталған.

"Тергеу амалдарының жүргізілуіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды", - дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Диас Нүсіп Талғар ауданы әкіміне және аудандық әкімдіктің басқа да лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған еді.

Одан бөлек, тергеуші облыстық білім басқармасының басшысына, ведомствоның бас маманы мен облыстық білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар ғылыми-практикалық орталығының басшысына қатысты пара алу және беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын да айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898531-nur-sultanda-zogargy-sottyn-sudyasy-ustaldy/

pixel