Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы Қазақстанда халық саны 245 мың адамға артқан

Жарияланған күні:

Халық санағы
Көрнекі фото: ic24.kz

2020 жылы Қазақстан халқының саны 245 мыңға артып,18 млн 877 мың адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік Ұлттық статистика бюросының баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ел халқының саны 18,877 млн адамды құраған, оның ішінде қалалық – 11,149 млн адам (59,1%), ауылдық – 7,727 млн адам (40,9%).

2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 245 мың адамға немесе 1,3% - ға өскен. Аталған кезеңде ең үлкен жалпы өсім елдің үш өңірінде - Алматыда (60,2 мың адам), Нұр-Сұлтанда (48,5 мың адам) және Шымкентте (38 мың адам) байқалған.

Естеріңізге салайық, өткен жылы Қазақстаннан халықтың кетуі күрт қысқарды. Ресми статистика деректеріне сәйкес, 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға 21 079 адам кеткен, бұл көрсеткіш өткен жылдың дәл осындай кезеңінде 34 198 адам болған. Осылайша, 2020 жылдың тоғыз айында халықтың кетуі 1,6 есе азайған.

Айта кетейік, Қазақстанда биыл халық санағы арнайы веб-порталда онлайн форматта өтеді және уақыты 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұған дейін халық санағын 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейінгі аралықта өткізу жоспарланған еді.

Азаматтар қай жерде жүргеніне қарамастан, санаққа қатыса алады. Ол үшін сайтқа кіріп, өзі және отбасы үшін арнайы сауалнаманы толтырса жеткілікті.

Сондай-ақ, онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтарды анықтау үшін үй-үйді аралап тіркеу өткізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898702-2020-zyly-qazaqstanda-xalyq-sany-245-myn-adamga-artqan/