jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда халық санағын өткізу уақыты өзгерді

Халық санағы
Көрнекі фото: ic24.kz

Қазақстанда биыл халық санағы арнайы веб-порталда онлайн форматта өтеді және уақыты 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұған дейін халық санағын 2021 жылдың 1 қазанынан 30 қазанына дейінгі аралықта өткізу жоспарланған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Ұлттық халық санағын жүргізу жөніндегі арнайы комиссиясының бірінші отырысында белгілі болды.

Арнайы комиссия президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша реформалар жөніндегі жоғары кеңесте құрылды.

Ол науқанға дайындық пен оны өткізудің негізгі ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерін шешумен айналысады.

Хабарланғандай, халықтың саны, жас мөлшері, гендерлік құрамы, урбанизация дәрежесі, табыс деңгейі туралы жиналған деректер дұрыс шешім қабылдауға негіз болады.

Отырыс барысында халық санағын онлайн жүргізуді 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастау туралы шешім қабылданды. Ол 2021 жылдың 15 қазанына дейін sanaq.gov.kz сайтында жалғасады. Сайт тәулік бойы ашық болады.

Азаматтар қай жерде жүргеніне қарамастан, санаққа қатыса алады. Ол үшін сайтқа кіріп, өзі және отбасы үшін арнайы сауалнаманы толтырса жеткілікті.

Сондай-ақ онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтарды анықтау үшін үй-үйді аралап тіркеу өткізіледі.

Ол 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 2021 жылдың 30 қазанына дейін қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып ұйымдастырылады.

Қазақстанда халық санағын өткізу уақыты өзгерді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.