Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тауларында жоғалып кеткен адамның денесі табылды (видео)

Опубликовано:

Тау
Көрнекі фото: pixabay.com

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматы тауларында жоғалған адамның денесін тапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәліге сілтеме жасап.

Талғат Уәлидің дерегі бойынша, 1981 жылы туған ер адамның денесі 12 ақпан сағат 14:30-да "Шымбұлақ" шатқалынан табылды.

Алғашқы күннен бастап қалың тұман, қатты жел, дымқыл қар жағдайына қарамастан іздестіру жұмыстары жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, "Қазавиақұтқару" мекемесінің КА-32 әуе борты да іздеу жұмысына әзірленген еді, бірақ тұман болғанына байланысты тікұшақ әуеге көтерілмеді.

Ауа райы қолайлы болғанда іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі халықаралық орталықтың ұшқышсыз басқару аппараты (дрон) қолданылды.

Дрон теңіз деңгейінен 3 300 метрден астам биіктікке 5 рет көтерілген.

Кезекті іздестіру барысында дрон арқылы адамның құлаған ізі көрінді. Осылайша, құтқарушылар жоғалған адамның болжамды іздестіру аумағын белгіледі.

Кейін құтқарушылар альпинистік жабдықтар мен жіптерді қолданып, шатқалға түсті. Көшкін қаупіне қарамастан, қазіргі уақытта зардап шегушіні тасымалдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мәйітті тасымалдауға шамамен 3 сағаттан астам уақыт кетуі мүмкін.

Осылайша, құтқару операциясына 70 құтқарушы, 12 техника жұмылдырылды.

Еске салсақ, 10 ақпанда Өскеменнен келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп, демалушылардың бірін қар басып қалды. Қайғылы оқиға туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898755-almaty-taularynda-zogalyp-ketken-adamnyn-denesi-tabyldy-video/

pixel