Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жәрдемақы алуға көмектесемін деп алдаған әйел ұсталды

Опубликовано:

Әйел
Фото: polisia.kz

Алматыда тұрғындарды мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін деп алдаған 46 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Ахановтың сөзінше, 1975 жылы туған азаматша тәжірибелі алаяқ. Бұрын ол төрт рет сотты болған.

Күдікті өз құрбандарымен түрлі медициналық мекемелерде танысқан.

Соңғы рет ол зардап шегушімен қала ауруханаларының бірінде емделіп жатқан кезде танысқан.

Жәбірленушімен бір палатада жатқан ол өмір бойына мүгедектік туралы анықтама алудың нақты мүмкіндігі бар екендігіне сендірген. Бұл алаяқтық әрекет салдарынан зардап шегуші 660 мың теңгеге шығынданған.

"Алғашында ол тіпті алданғанын да сезбеген, алаяқ әйел хабарласуды тоқтатқан кезде ғана бірдеңенің дұрыс емес екенін түсініп, полицияға хабарласуға мәжбүр болған", – деді Дидар Аханов.

Қылмыс алгоритмі өте қарапайым. Қарағанды ​​облысының тумасы қатты қиналмай көп ақша тапқысы келген. Оның жоспары іске асып, қылмыстық кірісі үш миллион теңгеден асқан.

"Күдікті қазір қамауда. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша жүргізілуде. Қазіргі уақытта осыған ұқсас тоғыз эпизод дәлелденді. Бірақ біз бұл соңғы тізім емес деп ойлаймыз, сондықтан осы азаматшаны білетін және оның әрекеттерінен зардап шеккендердің барлығына 254-44-62,  +7 707 447 0750 телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз", – дейді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898766-almatyda-mugedektik-boiynsa-zardemaqy-aluga-komektesemin-dep-aldagan-aiel-ustaldy/

pixel