Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы": Қазақстанда постковидті пандемия болуы мүмкін

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Matthias Rietschel-Pool/Getty Images

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ДСМ Ұлттық Фтизиопульмонология ғылыми орталығы директорының клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ләззат Ералиева ОКҚ өткен онлайн-брифингте екпе салдырғанша коронавируспен ауырған дұрыс емес пе деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистердің сөзінше, дәрігерлер коронавирус кезінде әртүрлі жанама асқынулар пайда болуы мүмкін екенін айтады. Соның ішінде жүрек-қан тамыр жүйесіндегі асқынулар. Осыған байланысты БАҚ өкілдері коронавирустан кейінгі кезең қалай болатынын сұрады. Ләззат Ералиеваның айтуынша, адамзатты постковидті пандемия күтіп тұр.

"Адамзатты дәрігерлер коронавирус инфекциясының зардаптарымен бетпе-бет келетін постковидті пандемия күтіп тұр. Оның қандай салдары барын біз қазір білеміз – олар әртүрлі. Неврологиялық өзгерістер, жүрек ақауы жатады. Қазірдің өзінде COVID-19 көп жағдайда қатерлі ісік ауруларының дамуына түрткі болатыны белгілі", - деді Ерәлиева.

Ол коронавируспен ауырып шыққан адамдарда шаршаңқылық, ұйқысыздық, түнде кенеттен үрейлену сияқты неврологиялық өзгерістер байқалатынын атап өтті.

"Сол себепті екпе ектіргеннен гөрі ауырып шыққан дұрыс деп ойлау – мүлде қате пікір", - деді профессор.

Еске сала кетсек, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жетекшісінің орынбасары Әсел Қалықова коронавирус пандемиясы жеті жылға созылады деген ақпаратқа пікір білдірген болатын.

Оның сөзінше, пандемияның жеті жылға созылуы мүмкін емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898773-nevrologiyalyq-ozgerister-zurek-aqauy-qazaqstanda-postkovidti-pandemiya-boluy-mumkin/

pixel