Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан айы, Миғраж түні: Көктемде мұсылман қауымды қандай қасиетті мерекелер күтіп тұр

Опубликовано:

Намаз оқу
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында 2021 жылда болатын діни мейрамдар кестесі жария етліген болатын. Аталмыш кестеге сәйкес, алдағы көктем айларында мұсылман қауымды қандай мерекелер күтіп тұрғанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жария еткен кестеге сәйкес, 10-11 наурыз күні Миғраж түні болмақ.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлдың мақаласында келтірілген мәліметтерге сәйкес, осыдан 1400 жыл бұрын, яғни 621 жылы Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні Ислам тарихында ғажап бір оқиға болып өткен. Ол Миғраж оқиғасы болатын. Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, ғайып әлемін аралаған, Ұлы Жаратушымен қауышып, тілдескен.

Миғраж түнінде пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш сый жасалды. Біріншісі, "Бақара" сүресінің соңғы екі аяты уахи етілді. Екіншісі, Қиямет күні Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметін шапағат ету шарапаты берілді. Үшіншісі, бес уақыт намаз парыз етілді.

Ал 28-29 наурызда Бараат түні болады.

Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн.

Бараат түні жайында Айша анамыз (одан Алла разы болсын) былай айтқан:

"Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бұл түннің не түн екенін білесің бе?" – деп сұрады. Мен: "Алла және Оның елшісі жақсы біледі", – деп жауап бердім. Сонда ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Бұл – Шағбан айының он бесінші түні. Алла Тағала бұл түні құлдарына мейіріммен қарайды, кешірім іздеушілерге кешірім береді, кешірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Бірақ жүрегінде ашу-ызасы бар кісілерді мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да", – деді (Бәйһақи).

Қасиетті Рамазан айы болса, 13 сәуір күні басталып, 12 мамырда аяқталмақ.

"Рамазан – Алла Тағала тарапынан бүкіл адамзатқа тура жол ретінде Құран түсірілген ұлы ай. Құран – Алланың пайғамбары Мұхаммед арқылы адамзатқа жолдаған үндеуі. Оның үкімдері – бойсұнуға міндетті заң. Сондай-ақ, оның бір аяты секілді аят келтіруге әр заманда адамзат дәрменсіздік танытқан Алла Тағаланың мұғжизасы. Сондықтан біздің бұл айда ұстайтын оразамыз бен түнде атқаратын намазымыз – Раббымызға деген иманымыздың, бойсұнуымыздың, түсірген Құраны үшін шынайы шүкірлігіміздің белгісі болып табылады", - дейді Еркінбек қари Керімбекұлы.

Қасиетті Қадір түні мамырдың 9-ынан 10-ына қараған түніне сәйкес келеді. Ораза айт болса, 13 мамырға түсіп тұр.

2021 жылдың діни күндер кестесі
2021 жылдың діни күндер кестесі. Фото: muftyat.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898782-ramazan-aiy-migraz-tuni-kotemde-musylman-qauymdy-qandai-qasietti-merekeler-kutip-tur/

pixel