Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдің 115 метрлік аспалы көпірінде "Көзімнің қарасын" ойнаған музыкант елді тәнті етті

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Бағжан Октябрьдің жеке парақшасы

Қазақстандағы жалғыз, әлемдегі он жеті аспалы көпірдің бірі Семейде. Дәл осы биіктігі 115 метр болатын аспалы көпірдің басында Абайдың танымал "Көзімнің қарасы" әнінің әуені ойналды.

Алматылық виолончелист Бағжан Октябрь өнерімен елді тәнті етті.

Бұл видеороликтің Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасы мен Семейдің туризмді дамыту секторының мамандарының ұйымдастырумен түсірілгені белгілі болды.

Қаланы екіге бөліп, қара Ертістің арасын жалғап тұрған көпірге шығып виолончельде ойнаған жігіт түсірілім жұмыстары оңай бола қойған жоқ деп отыр.

"Көпірдің үстіне шығып, қолыма виолончелімді алып Абай атамыздың "Көзімнің қарасы" әуенін ойнаған кезде маған шыны керек бір шабыт келген сияқты болды. Анау биіктік маған биіктік сияқты болып көрінген жоқ, суық суық болып көрінген жоқ. Солай бір керемет әсер болды", - деп келтіреді Бағжан Октябрьдің сөзін 31 арна.

Музыканттың еңбегін желі оқырмандары да өте жоғары бағалаған. Олар пікірлерін Бағжан Октябрьдің жеке парақшасында жазып қалдырды.

"Жоғары деңгейдегі орындау", "Өте еңбекқор азамат екенсің", "Қазақстандағы ең үздік виолончелист", "Керемет көрініс. Семейге қош келдіңіз", "Тек шығармашылық табыс тілейміз", "Сіз өз салаңыздың үздігісіз" деді олар.

Өз ойын білдіргендер арасында музыканттан Семейдегі көпірдің басына қалай шыққанын сұрағандар қарасы көп болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898794-semeidin-115-metrlik-aspaly-kopirinin-basynda-kozimnin-qarasyn-oinagan-muzykantqa-zurt-riza-boldy/