Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тартып алатын болса, неге сыйлады?": Азия чемпионы әкім берген пәтерден қуылып, далада қалды

Опубликовано:

ауыр атлет
Фото: prospots.kz

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Айдар Қазов бес жыл бұрын сіз сүйіншілеп сыйлаған пәтерден қуылып, далада қалғанын айтады. Өйткені үйдің қожайыны ол пәтерді сатып жіберсе, жергілікті билік бұған қатысымыз жоқ деп ат тонын ала қашыпты деп хабарлайды 31 арна.

Телеарна мәліметінше, атлетикадан спорт шебері Айдар Қазов Азия ойындарында чемпион болғаннан кейін спортшыны құттықтаған Солтүстік Қазақстан облысының билігі Петропавлдан екі бөлмелі пәтер кілтін сыйлаған. Бірақ екі жылдан кейін оның банкте кепілде тұрғанын айтып, дәл сондай басқа пәтерге көшуін сұраған. Жарты жылдан кейін ол пәтерден де қуылып, далада қалғанын айтады.

"Сұлтанов Авдеев деген құрылыс компаниясының басшысына пәтер бер деп айтқан. Кейін адамдар келіп, қағаз көрсетіп, бұл үй сатылып кетті. Он күні береміз босатыңдар деді", - деді Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Айдар Қазов.

Бұл оқиғадан кейін қалалық әкімдік спортшыға ескі үйлердің бірінен коммуналдық қарыздары үшін жарық пен газдан ажыратылған жалдамалы пәтер беріпті. Бірақ оны өз атына ауыстыра алмайтын болған соң бас тартатынын жеткізген.

Қазір Айдар сол кездегі облыс әкімі Ерік Сұлтановтың баспананы тартып алатын болса не үшін бергенін түсінбейді. Себебі қазір жергілікті билік сыйға берген пәтерге әкімдіктің қатысы жоқ деп ат тонын ала қашқан.

"Ол пәтерге әкімдіктің ешқандай қатысы жоқ. Ол Авдеев пен Қазовтың екеуі келіскені. Авдеевтің өзі сыйлап бергені. Әкімдіктен ол үйге қаржы бөлінген жоқ", - дейді Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Асқар Хабибулин.

Ал сыйға берілген пәтер тиесілі болған құрылыс компаниясының басшысы Александр Авдеев атқамінерлер Айдар Қазовтың пәтері үшін ақшасын төлейміз деп, кейін ол ойларынан айнып қалғанын жасырмады. Ал пәтер компанияның қарыздары болған соң сатылды дейді.

"Мен пәтер сыйлауға қарсы болмадым. Бірақ оның баспанасы о баста банкте кепілде тұрды. Оның орнына әкімдік маған «Жас өркен» шағын ауданындағы ескі үйлерді бұзу, ол жерді абаттандыру бойынша ақшаны төлеу керек еді. Бірақ ақшаны төлей алмады немесе төлегілері келмеді", - деді құрылыс компаниясының басшысы Александр Авдеев.

Экс-әкімнің өзі сыйға тартқан пәтер үшін екі жыл күресіп жүрмін деген ауыр атлетші отбасымен қазіргі уақытта Алматыға көшіп кеткені белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898796-tartyp-alatyn-bolsa-nege-syilady-aziya-cempiony-akim-bergen-paterden-quylyp-dalada-qaldy/

pixel