Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде "Қазақстанда аулаларды дезинфекциялау COVID-19 жұқтырғандар санын көбейтті" деген ақпарат тарады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі: pixabay.com

Қазақстандықтар жазда COVID-19 өршуі көшелер мен кіреберістерді дезинфекциялау салдарынан болғаны туралы хабарды талқылауда. Алматылық дәрігер Талант Омаров республикалық газетке берген сұхбатында осындай пікір білдірген деп жазады Stopfake.kz.

Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматыда қоғамдық орындарда санитарлық өңдеуден кейін аллергиялық реакцияның болуының бірде-бір жағдайы тіркелмегенін мәлім етті.

"2020 жылдың басынан бастап Комитетке де, Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне де көшелерді, кіреберістерді және басқа аумақтарды санитарлық өңдеуден кейін аллергиялық реакцияның болуына шағымдар түскен жоқ. Сонымен қатар, Қазақстанда мектептерді, ауруханаларды және басқа да қоғамдық орындарды дезинфекциялау үшін уытты емес және денсаулыққа қауіпті емес заттар пайдаланылатынын атап өткеніміз жөн. Барлық құралдар сертификатталған, тізілімге енгізілген және қолдану бойынша нақты нұсқаулықтары бар, онда санитарлық өңдеуге арналған ерітінділерді дайындау пропорциялары көрсетілген", – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Сонымен қатар, COVID-19 – жұқпалы ауру, оның қоздырғышы SARS-CoV-2 вирусы болып табылады. Сондықтан адам бұл вирус ағзаға түскеннен кейін ғана ауырып қалуы мүмкін.

Қазақстанның қалаларында қоғамдық орындар денсаулыққа қауіпті заттармен дезинфекцияланады деген ақпарат бұған дейін бірнеше рет теріске шығарылды.

Фото
Скриншот: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898810-zelide-qazaqstanda-aulalardy-dezinfekciyalau-covid-19-zuqtyrgandar-sanyn-kobeitti-degen-aqparat-tarady/

pixel