Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарлық азамат қарт әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлаған

Опубликовано:

Зейнеткер
Көрнекі сурет : Olivier Galibert / flickr

Павлодар тұрғыны әкесінің төрт ай бойы жинаған зейнетақысын ұрлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстың криминалды полиция басқармасының басшысы Балғабай Қапаровтың мәлімдеуінше, 75 жастағы ауыл тұрғыны полицияға шағымданған.

Ол өзінің банк шотынан қомақты қаржы ұрланғанын жеткізіпті.

"Жедел уәкілдер қылмыс жасады деген күдікпен зейнеткердің 34 жастағы ұлын ұстады", - дейді криминалды полиция басқармасының басшысы.

Анықталғандай, күдікті ер адам өз телефонына банктің мобильді қосымшасын орнатқан.

Оған әкесінің жеке мәліметтерін енгізіп, авторизация жасаған. Сөйтіп 647 мың теңгені өз картасына аударып алыпты.

Кейін әкесі жүргізілген операциялар туралы біліп қалмас үшін барлық хабарламаны өшіріп тастаған.

Ер адам қомақты ақшанының барлығын өзінің жеке қажеттілігіне жұмсапты.

Зейнетақысын ұлы ұрлағанын естіген қария қатты таңғалған. Енді ер адамға ата-анасы мен заң алдында жауап беруге тура келеді.

Айта кетерлігі, "Anti-fraud" жедел профилактикалық шара барысында ақпараттық желі қолданушыларына қатысты жасалған 27 алаяқтық фактісі анықталды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Павлодар облысында қымбат автокөліктерді ұрлады деген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталған болатын. Қылмыстық топтың құрамына Қарағанды облысының үш тұрғыны кірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898818-pavlodarlyq-azamat-qart-akesinin-tort-ai-boiy-zinagan-zeinetaqysyn-urlagan/

pixel