Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде карантин шаралары жеңілдетіледі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетіледі. Бұл туралы өңір әкімі Архимед Мухамбетов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Облыс басшысы коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша жедел штабтың кезекті отырысын өткізгенін жеткізді.

Штаб отырысы барысында Архимед Мухамбетов Әулиекөл және Меңдіқара аудандардың әкімдерін тыңдаған.

Сондай-ақ, мониторингтік топтардың жұмысын қарастырды.

Бұдан басқа, барлық енгізілген ұсыныстарды қарап шығып, штаб 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап келесі жеңілдіктерді енгізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болды:

1. Аптаның барлық күндерінде шаштараздар, сұлулық салондары, маникюр, педикюр, косметологтың жұмысына рұқсат ету;

2. Жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салумен СОО, супермаркеттер, гипермаркеттер, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендердің жұмысына 10-нан 23 сағатқа дейін рұқсат ету;

3. Қоғамдық тамақтану объектілерінің 50% толтырылатын, бірақ аптаның барлық күндері 30 отыратын орыннан аспайтын, сағат 7-ден 24 сағатқа дейінгі жұмысына рұқсат ету;

4. Қоғамдық қалалық көліктің жұмысына, аптаның барлық күндерінде отыратын орындар саны бойынша толтырылуына уақыт шектеусіз рұқсат етіу;

5. Аптаның барлық күндері 7-ден 22 сағатқа дейін 30%-дан толтырылатын жабық спорттық-сауықтыру және фитнес орталықтарының жұмысына рұқсат ету;

6. 30 адамға дейінгі мәдениет объектілеріне дайындықтарға рұқсат ету;

7. 20%-дан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат ету;

8. Азық-түлік фудкорттар тек алып кетуге және жеткізу жұмысына рұқсат ету.

"Құрметті облыс тұрғындары, КВИ таралуына жол бермеу бойынша барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауды сұраймын", - деді өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898829-elimizdin-bir-onirinde-karantin-saralary-zenildetiledi/

pixel