Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы жеті адам қайтыс болды

Опубликовано:

Палатадағы төсек-орын
Көрнекі фото: Antonio Masiello/Getty Images

Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандарға қатысты жаңа деректер жарияланды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

12 ақпандағы мәлімет бойынша коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырудың 77 жағдайы тіркелген. Үш адам аурудың құрбанына айналған. Тағы 255 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 48 675 ауру дерегі тіркелген. Соның 598-і өліммен аяқталған. Ал 39 069 адам ауруын жеңіп шыққан.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам қайтыс болған.

"14 ақпандағы мәлімет бойынша, 23 828 адам короновирус инфекциясынан (14 820 КВИ+ және 9 008 КВИ-) емделуде. Соның ішінде 5 295 пациент стационарда, 18 533 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - дейді ведомство.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 244 адамның жағдайы ауыр;

• 51 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде 837 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 201 801-ге жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898855-qazaqstanda-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-tagy-zeti-adam-qaitys-boldy/

pixel