Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы орталығында танымал блогердің көлігінің терезесін сындырып, сөмкесін ұрлап кетті

Опубликовано:

Арман Юсупов
Арман Юсупов. Фото: instagram.com/yussupov21

Танымал қазақстандық блогер Арман Юсупов ұрылардың құрбаны болғанын хабарлады. Оның сөзінше, қаскөйлер көлігінің терезесін сындырып, сөмкесін ұрлап кеткен.

Арман өзінің Instagram парақшасында бірнеше сторис жариялаған. Оның хабарлауынша, ұрлық Денис Тен көз жұмған маңайда болған.

Блогердің сөзінше, ол көлігін қойып, қыдыруға кеткен. Келген соң көлік терезесінің сынып, сөмкесін ұрлап кеткенін анықтаған.

Ол мұндай жағдайлардың неліктен Алматы орталығында болатынын сұрайды.

Сонымен бірге, Арман осы жерге жақын маңда қайғылы оқиға орын алса да, камера мәселесі әлі шешілмегенін атап өтті. Юсупов бұл мәселемен айналысатынын айтты. Ол бейнебақылау камерасы мәселесі бойынша Алматы әкімдігіне жүгінген. Блогер осы жағдайдан хабар беріп отыратынын мәлімдеді.

NUR.KZ тілшісі осы оқиғаға қатысты қаланың Полиция департаменті баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Полицияның хабарлауынша, аталмыш дерек Қылмыстық кодекстің 188 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынған.

"Күдіктіні анықтау, қамауға алу және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізілуде", - дейді ведомство.

Еске сала кетсек, отандық эстрада жұлдызы Әділ Сламханның Lexus маркалы көлігі батпаққа батып қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898878-almaty-ortalygynda-tanymal-blogerdi-kligini-terezesin-syndyryp-smkesin-rlap-ketti-video/

pixel