Алматыда карантин шараларына байланысты жаңа қаулы жарияланды
Опубликовано:

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері карантин талаптарын жеңілдететін жаңа қаулыға қол қойды. Құжат Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланған.
Атап айтқанда, құжатта 15 ақпаннан бастап қалада сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілерінің қызметіне рұқсат берілетіні көрсетілген.
Сонымен бірге азық-түліктік және азық-түліктік емес базарлардың жұмыс және демалыс күндері штатты режимде жұмыс істеуіне рұқсат ету көзделген. Алайда сыйымдылық 30 пайыздан және бір келушіге 4 шаршы метрден аспауы керек. Сондай-ақ әлеуметік қашықтық пен маска режимін сақтап, санитарлық-дезинфекциялық бақылауды күшейту міндетті.
Бассейндер, сауналар, СПА, театрлар мен кинотеатрлардың жұмысына (көрермен залындағы сыйымдылық 30 пайыздан аспауы керек) рұқсат беріледі.
Қоғамдық тамақтану орындары, соның ішінде сауда ойын-сауық орталықтары мен қонақ үйлерде орналасқан асханаларға таңғы жетіден түн ортасына дейін жұмыс істеуге болады. Бірақ шот 23.00-ге дейін жабылуы керек.
Қаулының толық мәтінін осы жерден оқуға болады>>
Еске сала кетсек, Алматы қаласы коронавирус бойынша "жасыл" аймақта тұр.
Өткен тәулікте елімізде 837 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Осылайша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 201 801-ге жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898885-almatydagy-karantin-saradaryna-bailanysty-zana-qauly-zariyalandy/