Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда балықшылар мінген көлік мұз астына түсіп кетті (фото)

Опубликовано:

Көлік мұз астына түсіп кетті
Оқиға орны. Фото: instagram.com/shygysqaz_tjd

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданында көлік мұз астына түсіп кетті. Төрт ер адам көліктен шығып үлгерген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 14 ақпанда Бұқтырма су қоймасының жағасындағы Табанды қара учаскесінде балықшылар отырған көлік мұз астына түсіп кеткен. 4 ер адам автокөліктен шығып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ.

"Мұз қалыңдығын білмей балық аулауға шықпаған жөн. Дәл осы Табанды қара учаскесінде көліктің мұз астына түсуі бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Сондықтан азаматтарға барынша абай болу қажеттігін ескертеміз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, демалыс күндері құтқарушылар су айдындарында бақылауды күшейтеді. Тұрғындарға мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.

Еске сала кетсек, Балқаш көлінің Сарқан ауданына қарасты учаскесінде ірі көлемдегі балық аулаған браконьер ұсталды. Күдіктінің балық аулау кезінде қолданыстағы заңмен тыйым салынған тәсілді пайдаланғаны әшкереленді.

"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 40 жастағы күдіктінің көлігін тексеру барысында 300 килограмнан астам балық табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, қылмыс құралы ретінде пайдалану тыйым салынған балық ауы тәркіленді. Күдіктінің мемлекетке үш миллионға жуық материалдық шығын әкелгені анықталды" , – деді облыстық ПД ЖПҚБ табиғат қорғау инспекторы Бағлан Рымжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1898888-sygys-kazakstanda-balyksylar-mingen-klik-mz-astyna-tsip-ketti-foto/

pixel