Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен ер адам 1,5 жылдан бері табылмай жатыр

Жарияланған күні:

Дәурен Ерғалиев
Дәурен Ерғалиев. Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысында 2019 жылдың жаз айында із-түзсіз жоғалып кеткен 35 жастағы ер адамнан әлі күнге дейін хабар жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, 1985 жылы 23 қыркүйекте туған Дәурен Ерғалиев 29 тамызда Алға қаласы Байтұрсынов көшесінде орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Оның белгілері: Бойы - 170-175 см, орта денелі, шашы қара қысқа, көзі қара. Жоғалар күні сұр күртеше, сол түсті бейсболка мен қара джинсы киген. Басқа айрықша белгілері жоқ.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің ақпаратынша, ер адам бұған дейін де үйінен кетіп қалған екен.

Полиция Дәурен Ерғалиевтің қайда екенін білетіндердің 102 (Ақтөбе) немесе 8 701 131 94 84 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақмола облысы, Қосшы ауылының тұрғыны Гүлнәр Сәрсенованың 14 қаңтарда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткені хабарланған еді.

Жүктіліктің алтыншы айындағы келіншекті күйеуі іздеп, Целиноград аудандық полиция бөліміне жүгінген.

Сол кезде ер адам әйелінің Қарағандыда анасы мен туыстары бар екенін, бірақ олар да қыздарының қайда екенінен бейхабар екенін айтқан еді.

Кейінірек, Қарағанды ​​облысының полиция департаменті 32 жастағы әйелдің Қарағандыдан табылғанын мәлімдеген болатын.

Полицияның дерегінше, көшеде келе жатқан әйелді учаскелік инспектор байқап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899012-aqtobe-oblysynda-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-er-adam-bir-zarym-zyldan-beri-tabylmai-zatyr/