Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда тұрғыны 8 айдың ішінде 181 рет жол ережесін бұзған

Опубликовано:

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Қызылорда қаласының тұрғыны 8 ай ішінде жол қозғалысы ережелерін 181 рет бұзып, 3,5 миллион теңге көлеміндегі айыппұл арқалаған деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 11 ақпанда "Борышкер" іс-шарасы аясында жүргізілген рейд барысында 34 жастағы облыс тұрғыны тізгіндеген ресейлік нөмірге ие жеңіл автокөлік тоқтатылған.

Ер адамның сегіз айдың ішінде жылдамдық режимін 181 рет бұзғаны белгілі болған.

Оған 2020 жылдың 12 маусымы – 2021 жылдың 11 ақпаны аралығында 3 миллион 591 мың 265 теңге сомасында айыппұл салынған.

Сонымен қатар жүргізушінің көлікті сақтандыру құжатынсыз, тек жүргізуші куәлігімен басқарғаны анықталған.

Қазіргі уақытта автокөлік айыппұл тұрағына қойылған. Ал құқық бұзушы салынған айыппұлдарды төлеуі тиіс.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 1-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) хаттама ресімделген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай полицейлері 184 рет жол ережесін бұзған Ресей азаматын ұстаған еді.

Жоғары жылдамдықпен жүйткіген жүргізушіні патрульдік полиция қызметкерлері анықтаған. Одан бөлек, ер адамның көлікті жалған сақтандыру полисімен басқарғаны белгілі болған.

Ережені ескермеген Ресей азаматы енді 3 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 13 ақпаннан бастап қазақстандық көлік жүргізушілеріне жүргізуші куәлігінсіз қатынауға рұқсат етілді.

Жаңа нормалардың қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ шетелдіктерге және көлігі Қазақстанда тіркелмеген жүргізушілерге қатысы жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899025-qyzylorda-turgyny-8-aidyn-isinde-181-ret-zol-erezesin-buzgan/

pixel