Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңгеден беру ұсынылды

Опубликовано:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 миллион теңгеден астам қаражат беру ұсынылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қалалық мәслихат шешімінің жобасы "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" порталында жарияланды.

Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бойынша, астаналық ардагерлерге 67 айлық есептік көрсеткіш (195 439 теңге) көлемінде төлем берілуі керек.

"Сондай-ақ осы жылы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 805 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Осылайша, 26 ардагерге 1 000 439 теңгеден (2 300 доллар Sputnik ) беріледі", - деп жазылған шешім жобасына түсініктеме хатта.

Шешім жобасы мақұлданған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті бюджеттен 18 миллион 194 мың теңге бөлу қажет болады.

Жоба 2021 жылдың 26 ақпанына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. 

Айта кетейік, 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығын тойлауға байланысты Нұр-Сұлтанда 44 ардагерге бір миллион теңгеден берілді.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС ардагерлері және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға (405 адам) 75 мың теңгеден үлестірілді.

Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысқандарға теңестірілгендерге, сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына, соғыс жылдарында қайтыс болға ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, тыл еңбеккерлеріне (3 529 адам) 32,5 мың теңгеден берілді.

Жеңістің 75 жылдығында жасалған төлемдердің жалпы сомасы 190,3 миллион теңгені құрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899029-uly-otan-sogysy-ardagerlerine-1-mln-tengeden-beru-usynyldy/

pixel