Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте елімізде 686 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

коронавирус тест11
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 686 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

15 ақпанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 53

Алматы қаласы - 107

Шымкент қаласы - 7

Ақмола облысы - 72

Ақтөбе облысы - 4

Алматы облысы - 49

Атырау облысы - 25

Шығыс Қазақстан облысы - 85

Жамбыл облысы - 8

Батыс Қазақстан облысы - 47

Қарағанды облысы - 30

Қостанай облысы - 71

Қызылорда облысы - 4

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 80

Солтүстік Қазақстан облысы - 37

Түркістан облысы - 4

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 203 259.

Сонымен қатар өткен тәулікте 1289 адам індеттен жазылып шыққан.

16 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір 22 733 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 5090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

255 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 38 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушыларға келсек, 14 ақпандағы мәлімет бойынша, аталмыш дигноз алты адамға қойылып, 2 жағдай өліммен аяқталған. 204 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін коронавирус белгілері бар пневмониямен 48 700 адам ауырып, 602 науқас қайтыс болған, 39 478 пациент жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899117-azaiyp-keledi-otken-taulikte-elimizde-686-adamnan-koronavirus-anyqtalgan/

pixel