Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Айка-мажор" атымен танымал ару тағы да ұсталды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: 1obl.ru

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов өз Facebook парақшасында Айка-мажор атымен танымал 33 жастағы қала тұрғыны қайта құрықталғанын мәлімдеді. Өткен жылы ол қызға пышақпен шабуыл жасағаны үшін ұсталған еді.

Абдрахмановтың айтуынша, алматылық әйел Қылмыстық кодекстің 293- бабы 3- бөлігі "Бұзақылық" бабы бойынша күдікке ілінген.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

"Қазіргі уақытта объективті және жан-жақты тергеуге, сондай-ақ істің мән-жайын зерделеуге бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде",- деді полиция бастығының орынбасары.

Әзірге істің мән-жайы белгісіз.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында Бота есімді Алматы тұрғыны Айка-мажор арқасына екі рет пышақ сұққанын мәлімдеген еді. Жәбірленушіге ота жасалған. Арудың сөзінше, ол полицияға арыз тастаған, алайда ол ұсталмаған.

Алайда, полиция күдікті қолға түскенін айтып сендірді. Құқыққорғау органдары тиісті сараптама тағайындалып, оның нәтижесі бойынша шешім шығаратынын хабарлаған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы полицейлері "L-Капитал" компаниясының негізін қалаушыны ұстағанын хабарлаған едік. Алматы полиция департаменті тергеу басқармасының мәліметі бойынша, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1962 жылы туған азаматша қолға түскен. Ол Қылмыстық-кодекстің 128-бабына сәйкес полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899247-almatyda-aika-mazor-atymen-tanymal-aru-tagy-da-ustaldy/

pixel