Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскіде екі полицей қаза тапты: Күдіктінің анасы мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Сергей Воронцовтың анасы
Сергей Воронцовтың анасы. Видеодан кадр: Shchuchinsk_info_portal YouTube арнасы

Өткен жылы Щучинскідегі жол апатынан екі полиция қызметкері қайтыс болды. Желіде іс бойынша күдікті Сергей Воронцовтың анасының сұхбаты жарияланды. Бұған дейін әйел сот отырысында жол апаты кезінде рөлде өзінің ұлы отырмағанын мәлімдеген. Енді ол қайғылы оқиға туралы өз нұсқасын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сергей Воронцовтың анасы Shchuchinsk_info_portal YouTube арнасына сұхбат берген. Әйел ұлының кінәсіз екенін дәлелдеуге тырысып жүр.

"Мен жантүршігерлік жол апатын жасады деп айыпталған Сергей Воронцовтың анасымын. Мен оны рөлде болмады, Lexus-тың артқы орындығында ұйықтап жатты деп есептеймін. Расымен де ол менің көлігімді рұқсатсыз алып, несие төлеуге кетіп, достарымен ішкен. Түнгі төртте жанармай құю бекетінің жанынан Илья Смолякты кездестіріп, екеуі сөйлескен. Илья моншаға баруды ұсынған, Сергей де қарсы болмаған", - дейді кәсіпкер.

Олар моншада кішкене отырып, бестер шамасында Ильяның құжаттарына барып, артынша кафеге кеткен. Әйелдің сөзінше, барлығы ғимаратта отырған кезде ұлы көлікте ұйықтап кеткен.

"Менің ұлым көлікте ұйықтап жатқан кезде Ермек Оспанов рөлге отырып, менің автокөлігімді айдаған деп есептеймін", - дейді әйел.

Бір мезетте Сергей оянып, стадионнан өтіп бара жатқанын байқап, қайта ұйқыға кеткен. Содан кейін жантүршігерлік жол апаты болған.

"Сол сәтте рөлде Ермек Оспанов отырған деп санаймын", - деп тағы бір мәрте айтты әйел.

Оның сөзінше, көлігінің алдыңғы орындығында бес қауіпсіздік жастықшасы бар. Олар әртүрлі жақта орналасқандықтан, рөлде отырған адам аяғынан жарақат алмауы керек. Өйткені аяқ жақта да жастықша бар. Алайда Сергей дәл аяғын сындырып алыпты.

Анасы өз ұлына қарағанда, Ермек пен Ильяның аса қатты зардап шекпегенін айтады. Кәсіпкердің сөзінше, куәгерлердің бірі жүргізуші орындығынан Ермек Оспановты шығарғанын айтқан. Алайда қыз сотта сөйлеуден бас тартқан.

"Менің балам рөлде болмаса да, неге оны отырды деп айтып жатқанын түсіне алар емеспін", - дейді әйел.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылы 15 қазан күні таңертең болған. Бақылау камералары жантүршігерлік апат болған сәтті түсіріп алды. Кадрларға қарағанда Lexus маркалы автокөлік қызметтік көлікті қатты жылдамдықпен келіп соққан. Апат салдарынан Lada-21214 көлігінде отырған екі полиция қызметкері оқиға орнында қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899263-shhucinskide-eki-policei-qaza-tapty-kudiktinin-anasy-malimdeme-zasady-video/

pixel