Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Саунада түскен суреттен кейін полиция басшысы мен бірқатар қызметкерлер қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Сауна
Фото: instagram.com/ruslan_lazuta

Семейдегі сауналардың бірінде түсірілген фотосуреттерден кейін бірқатар полицейлер қызметінен босатылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тергеу жүргізген.

Соның нәтижесінде 29 қаңтар күні учаскелік инспекторлар жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Рашит Сұңғатовпен бірге Семейдегі монша кешенінде болғаны анықталды.

"Тексеру нәтижелеріне сәйкес, қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін Орталық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Сұңғатов қызметінен босатылды. Учаскелік полиция инспекторлары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, өз міндеттерін адал атқармағаны және жеке құрамның бақылаусыздығы үшін Семей полиция басқармасы мен Семей полициясының орталық бөлімінің бірқатар лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Моншада болған полицейлерге қатысты уәкілетті органға (ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті) санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажет материалдар жолданды.

"Департамент басшылығымен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша қажет шаралар қабылданып жатыр, бүгінде бұл басым бағыттардың бірі болып саналады. Бірде-бір қызметтік-әскери тәртіпті бұзу назардан тыс қалмайды. Қызметтік-әскери тәртіпті бұзудың әрбір дерегі бойынша мұқият тексерулер жүргізіледі, кінәлі тұлғалар мен олардың басшыларына тәртіптік сипаттағы ең қатаң шаралар қабылданады", - деді Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, Семейдегі сауналардың бірінде түсірілген сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жазба авторының айтуынша, саунада отырған азаматтар - полиция департаментінің қызметкерлері. Бұл ақпаратқа қатысты ШҚО полиция дептарменті пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899274-saunada-tusken-suretten-keiin-policiya-bassysy-men-birqatar-qyzmetkerler-qyzmetinen-ketti/