Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде семейлік полицейлердің саунадағы суреті тарады: Қызметтік тексеріс басталды

Опубликовано:

Сауна
Фото: instagram.com/ruslan_lazuta

Семейдегі сауналардың бірінде түсірілген сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Жазба авторының айтуынша, саунада отырған азаматтар - полиция департаментінің қызметкерлері. Бұл ақпаратқа қатысты ШҚО полиция дептарменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото танымал блогер Руслан Лазутаның Instagram парақшасында пайда болды.

Жазба авторының мәліметінше, суретте Семей қалалық Орталық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) басшысы, полиция майоры Ришат Сұңғатов өзінің қарамағындағылары - учаскелік инспекторлармен бірге отыр.

Лазутаның сөзіне сенсек, фото осы жылдың қаңтар айында карантинге және жаппай іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, "жаңа басшының лауазымға ие болуын тойлау" үшін жеке құрамның барлығы жиналған саунада түсірілген.

Жазбаға қатысты ШҚО полиция департаментін пікір білдірді деп жазады Zakon.kz.

"Шынында да, әлеуметтік желілерде тараған суреттеде Семей полиция басқармасының қызметкерлері бар. Бұл дерек бойынша ШҚО полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексерісті бастады", - деп хабардар етті ведомство.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облыстық полиция департаментінің екі қызметкері тыйым салынған затпен ұсталғаны хабарланған еді.

Өңірлік полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерген Төлемісов тәртіп сақшыларының ұсталғанын растады.

Оның мәліметінше, екі полицей 14 ақпанда "Атырау-Доссор" бағытындағы автожолда ұсталған.

Аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899114-zelide-semeilik-policeilerdin-saunadagy-sureti-paida-boldy-qyzmettik-tekseris-zurgizilude/

pixel