Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда екі көлік соқтығысып, салдарынан көше тазалап жүрген әйел қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/zhambyl_police

16 ақпан күні таңертеңгі уақытта Таразда екі көлік соқтығысып қалды. Апат салдарынан осы ауданды тазалап жүрген "Жасыл ел" қалалық ұйымының жұмысшысы қайтыс болған. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің Instagram парақшасы хабарлайды.

"102" пультіне сағат 11.08-де хабар түскен. Әл-Фараби - Ниетқалиев көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болған.

Жол апаты кезінде BMW 520 және Volkswagen Passat көліктері соқтығысып қалған. Осы мезетте "Жасыл ел - Тараз" ұйымының жұмысшысы қиылыс аумағында тазалау жұмыстарын жүргізген.

Алған соққыдан көліктердің бірі аударылып кетіп, әйелді соққан. Жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3- бөлімі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыратын жол ережелерін бұзу) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Еске сала кетсек, Түркістан облысында үш баланы көлігімен қағып, оқиға орнынан із суытқан күдікті іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Өңірдің полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, Жетісай ауданындағы Ерубаев көшесі бойында белгісіз автокөлік оңтүстіктен солтүстік бағытына қарай жүріп бара жатып, 3 жасөспірім баланы соғып, жол-көлік оқиғасын жасағанын анықтаған.

Салдарынан үш бала да ауруханаға жеткізілді. Яғни, 16 және 13 жас шамасындағы балалар түрлі дене жарақаттарымен ем қабылдауда.

Ведомство мәліметінше, 4 жастағы бүлдіршін ауыр дене жарақатынан жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1899295-tarazda-eki-kolik-soqtygysyp-saldarynan-kose-tazalap-zurgen-aiel-qaitys-boldy-video/

pixel